Қазақстан • 01 Тамыз, 2017

«Казахстанская правда» басылымына бас редактор тағайындалды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы лауазымына Асыл Сағымбеков тағайындалды. Бұл туралы kazpravda.kz хабарлады.

«Казахстанская правда» басылымына бас редактор тағайындалды

Ол осыған дейін «Вечерний Алматы» басылымының бас редакторының орынбасары қызметін атқарған болатын. Сонымен қатар әртүрлі жылдары «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі, «Труд» басылымдарында жұмыс істеді.

Ал «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнетке шықты.