Қазақстан • 03 Тамыз, 2017

Астанада 0-сыныбы ашылған мектептердің тізімі аталды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Білім беру басқармасы 0-сыныптар ашылған мектептердің тізімін жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат»

Астанада 0-сыныбы ашылған мектептердің тізімі аталды

Астана білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова Фейсбуктегі парақшасында осылай жазды. «Құрметті ата-аналар! 0-сыныбына қатысты ақпарат. Төменде 0-сыныптары ашылған мекептердің тізімі ұсынылады. Бұл тізім толықтырылады. №№ 4, 12, 13, 16, 19, 22, 29, 30, 33, 34, 43, 44, 49, 54, 56, 57, 61, 68, 69, 70, 71, 74, 77, 78, 79, 81, Экономикалық лицей және «Ақбұлақ-Астана», - деп хабарлады ол.  

Қазіргі уақытта қалада түрлі мектепке дейінгі 263 мекеме жұмыс істейді. Оның ішінде 96-сы мемлекеттік, екеуі ведомстволық, 116-сы жеке, 49-ы шағын орталықтар.