Аймақтар • 03 Тамыз, 2017

ЕҚДБ Өскеменнің жылу жүйесін жаңғыртуға 3 млрд теңге бөлді

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде хабарлағандай, бұл өңір әкімдігі мен қаржы институты арасындағы келісілген меморандум аясында жүзеге асып отыр.

ЕҚДБ Өскеменнің жылу жүйесін жаңғыртуға 3 млрд теңге бөлді

Сурет: Saigez.kz

Өңір басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, ЕҚДБ-мен ынтымақтастық нәтиже беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда  20,5 млрд теңгенің 5 несиелік келісім шарты орнатылды.

Сондай-ақ, 20 млрд теңгенің 4 келісім  жүзеге асады  деп күтіледі. 16,4 млрд теңгеге  2 доба жүзеге асырылмақ.

Келісім шарттық кездесу аясында  ЕҚДБ мен «Өскемен жылу жүйелері» АҚ  арасындағы  несиелік келісімге қол қойылды.

Бөлінетін қаржыға 2,2 шақырым магистральдық желілерді ауыстырып, электрмен қамту жүйесін қайта жаңғырту жоспарланған.

«Енді инфрақұрлым нысандарын қаржыландырудан  жеке бизнес секторын  қаржыландыруға өту керек. Біз бірқатар қызықты жобаларды дайындадық», - деді Д.Ахметов.