Халықаралық «Би-би-си» басылымның хабарлауынша, ауа температурасы кей жерлерде 45°C-қа жеткен.
Аптап ыстық салдарынан Польша мен Румынияда екі адам қайтыс болып, ондаған адам емханаға жатқызылған. Ал, Итальяда аптап ыстықтан орман өрті өршіп тұр. Денсаулық сақтау ведомствасы күннің ысуына байланысты еуропалықтарға сақтық шараларын жасауды ескертті.
Мамандардың айтуынша бұл соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш екен.