Бокс • 05 Тамыз, 2017

Азия чемпионаты: 10 боксшымыз - ширек финалда

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппин елінде бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақтың 10 оғыланы ширек финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азия чемпионаты: 10 боксшымыз - ширек финалда

Жарыстың үшінші күні шаршы алаңға алты боксшымыз шығып, төртеуі бәсекені ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алса, оның екеуі ғана қарсыластарына жол берді.

57 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дмитрий Вармин үндістандық боксшыдан 4:1 есебімен, 66 келі салмақтағы тағы бір жерлесіміз Сәлімгереев Сәлімжан жапониялық боксшыдан 5:0 есебімен ұтылып қалды.

Ал 50 келі салмақта өнер көрсеткен Талғат Сырымбетов қарсыласын уақытынан бұрын ұтса, 60 келіде сынға түскен өреніміз Бекзат Ерімбет ирандық қарсыласын жарыс жолынан шығарды. 46 келіде жұдырықтасқан Ақылбек Мұхтаров қырғызстандықтан айласын асырса, 54 келіде ел намысын қорғап жүрген Айтжан Әшірхан Моңғолия боксшысын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Азия чемпионатының үш күндік қорытындысы бойынша ширек финалға Қазақстан мен Өзбекстаннан 10 боксшыдан шығып, көш бастап келеді.