Бокс • 05 Тамыз, 2017

Брэндон Кук Қанат Исламға доң айбат көрсетті

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канадалық боксшы Брэндон Кук (18-0, 11 КО) Қанат Исламмен болатын жекпе-жек жайлы өз ойын білдіріп, доң айбат көрсетіпті.

Брэндон Кук Қанат Исламға доң айбат көрсетті

"Қанат Ислам - жақсы боксшы. Алайда ол мен сияқты жігітпен әлі кездеспеген. Менің соққыларым діттеген жеріне жеткенде ол осыны түсіне бастайды. Сол кезде нағыз қиян-кескі шайқас басталады!..

Мен жеңісті қолдан бере салмаймын. Оны жеңсем, үздік ондыққа кіремін", - депті.

Канадалық мұнымен де тоқтап қалмай, Қанаттың кәсіби бокстағы алғашқы қарсыласы - Дэниэл Бито жайлы айтып, "Менде ондай қарсыластар болған жоқ. Ислам мен сияқты оппоненттермен әлі кездеспеді", - деп желпініпті.

Сонымен бірге ол Астана ауа райына бой үйрету үшін бокс кешінен он күн бұрын келетінін де айтыпты.