Футбол • 05 Тамыз, 2017

«EXPO 2017 Football Cup»: Әлем құрамасы Қазақстандықтардан басым түсті

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «EXPO 2017 Football Cup» турнирінің алғашқы матчтағы жеңісімізге желпінісіміз басылар-басылмаста Қазақстан құрамасы Әлем құрамасымен кездескен еді...

«EXPO 2017 Football Cup»: Әлем құрамасы Қазақстандықтардан басым түсті

Айтпақшы, алғашқы екі матчтан кейін «EXPO 2017 Football Cup» турнирі салтанатты түрде ресми ашылып, ары қарай үшінші матч Қазақстан құрамасы мен Әлем құрамасының бәсекесімен басталған.

Әу біссіміллә, Андрей Богомолов 3-минутта қарсыластың қақпасына бір гол салып жіберген еді. Алайда, Эрнан Креспо 5-минутта-ақ есепті теңестіріп тастады. 7-минутта тағы гол. Қазақстан құрамасынан Андрей Финонченко соқты. Оған қарымта Әлем құрамасынан Азамат Әбдірайымовтан болды. Есеп тағы теңесті.

Осылайша кезек алмасқан голдар кездесу соңына қарай қарсы жаққа ауып, нәтиже 7:4 есебімен аяқталды.

«EXPO 2017 Football Cup» турнирінің бірінші матчы Қазақстан мен Германия құрамаларының арасында, екінші матчы Италия мен Ресей құрамалары арасында өтіп, Отандастарымыз германиялықтарды 8:6 есебімен жеңсе, ресейліктер италия құрамасын 9:3 есебімен тізе бүктірген болатын.