Аймақтар • 05 Тамыз, 2017

Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туылған, білімі жоғары, 1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-технолог» мамандығы, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Тараз қаласындағы №2 астық комбинатының слесарі болып бастаған.

1983-2001 жылдары Тараз қаласындағы №2 астық комбинатында үгітуші, ұнтақтаушы, цех бастығы, бөлімше меңгеруші, қосалқы шаруашылық меңгеруші, 2001-2003 жылдары «Ақ бидай» АҚ директоры, 2003-2008 жылдары «Зар-Замин» ЖШС-нің қосалқы шаруашылық меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.