Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа санкциялар КХДР-дан темір және қоғасын рудаларын, көмір және теңіз өнімдерін экспорттауға тыйым салады. Сондай-ақ құжатта басқа елдерге солтүстік корейлік жұмысшыларды қабылдауға және КХДР-мен жаңа мәміле мен келісім жасауға тыйым салынатыны атап өтілген.
Осындай шаралар солтүстіккорейлік экспорттың үштен бірін қысқартады деп күтілуде. Ол қазір 3 миллиар доллар шамасында. Ал, бұл құжатқа кеңестің барлық мүшелері қолдап дауыс берген, делінген хабарламады.