Жеңіл атлетика • 05 Тамыз, 2017

Рыпакова финалға бірінші орынмен өтті

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы ХVІ әлем біріншілігінде қазақстандық атлет Ольга Рыпакова финалға бірінші орынмен өтті.

Рыпакова финалға бірінші орынмен өтті

Лондонда өтіп жатқан әлемдік додада отандасымыз 14,57 метрге секіріп ең үздік нәтиже көрсетті. Бір қызығы, бұл нәтиже – оның алғашқы талпынысы.

Қазақстанның атынан өнер көрсеткен екінші спортшы Мария Овчинникова, өкінішке қарай, финалға өте алмады. Өзінің ең үздік талпынысында ол 13,18 метрге секіріп іріктеу сынының соңғы 26 орнына табан тіреді.

Әйелдер арасындағы үш қарғып секірудің финалы 7 тамыз күні өтеді.