Аймақтар • 06 Тамыз, 2017

Әсет Исекешев Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Әсет Исекешев Қостанай облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қазақстан» спорт кешені жанындағы алаңда өтіп жатқан жәрмеңкеге Қостанай облысының 11 ауданы мен 3 қаласынан келген 50 ірі кәсіпорын қатысып отыр.

Жәрмеңкеге 33 тонна еттің барлық түрлері, 90 тонна сүт, 60 тонна шұжық өнімдері және 52 тонна макарон өнімдері, 57 тонна нан және кондитерлік өнімдер, 200 мың дана жұмыртқа, 100 тоннаға жуық ұн және басқа өнімдер бар.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірген Астана әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкені аралап шықты.