Орынборлық жеткіншектердің сапары Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.
Балалар елордадан оралған соң Ақтөбе қаласына экскурсия жасап, қаланың тарихы туралы деректерге қанықты. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, Әлия Молдағұлова атындағы мемориалды кешенде, Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы сулы-жасыл бульварда болды.
Ресейлік тарап өткен жаз айларында ақтөбелік балаларды қарсы алған болатын. Бүгінде Орынбор облысындағы «Күншуақ елі» балаларды сауықтыру лагерінен 20 ақтөбелік жасөспірім оралды. Тамыз айының 2-сі мен 15-і аралығындағы кезеңге бару үшін өңірдегі дарынды балалардың төртінші тобы дайындалуда.