«Бұл шара «жасыл энергетиканы» дамытуға мүдделі жаһандық кеңістікке кіруге негіз болмақ. Батыс Қазақстандағы минералды ресурстардың молдығы және инвестициялық ахуалдың жақсаруы өзге өңірлер арасында тікелей шетелдік инвестиция тарту үлесінен алғашқы орында болуға мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта шетелдік инвесторлармен және өңірдегі бизнесмендермен ынтымақтасудың арқасында заманауи технологиямен жабдықталған бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ашылуда. Мәселен, өңірде финдік технологиямен жиһаз және терезе жасау, мұнай-химия саласында канада-ирандық жобаны қолдану, түрік инвесторларының кәсіпорындарымен бірлесіп трансформатор шығару табысты жүзеге асуда», деді әкім.
Аймақ басшысы Финляндия өкілдерімен кездесу өткізіп, бірлескен үш жобаны жүзеге асыруға келіскендерін жеткізді. Яғни, облыста фин технологиясымен жиһаз және есік-терезе шығару, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және құрылыс саласында 3D-жобалауды қолдануға басымдық берілмек.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің корпоративті павильонында Батыс Қазақстан облысының инновациялық жобалары таныстырылған инвестициялық форум өтті. Шет мемлекеттер елшіліктері мен халықаралық қаржы институттарының, ұлттық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысқан жиында аймақ әкімі Алтай Көлгінов Елбасымыз Қазақстанды әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына қосуды басты стратегиялық міндет етіп қойғанын атап өтті.
Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Білім • Бүгін, 23:42
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Елорда • Бүгін, 00:06
Әдебиет • Кеше
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады
Президент • Кеше
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Кеше
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Кеше
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Кеше