Ауыл • 07 Тамыз, 2017

Суды жоқ деу емес, табу маңызды

259 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда су, әсіресе ауыз су өзектілігі жағынан өңірдегі ең басты мәселе болып табылады. Теңіз суын тұшыту, жерасты су көздерін игеру – бәрі де күн тәртібіндегі, қолданыстағы жайттар. Өлкеде тұрғындар санының артуы, өндірістің өркендей түсуі су, ауыз су қажеттілігін еселеп арттырып келеді.

Суды жоқ деу емес, табу маңызды

Маңғыстауда су мәселесін шешуді одан әрі жандандырып, орындауға болады-ау деген мүмкіндіктерді іске қосу қажет. Қазіргі таңда өңірде теңіздің тұзды суын тұшытатын зауыттар салу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Бұл бағытта өздерінің жобаларын ұсынып, күрделі мәселені бірлесе шешуге ынта білдірушілер де жоқ емес. Солардың бірі − «BeltWay Group Limited» компаниясы. 1995 жылы Шанхайда құрылып, бүгінде әлемдік деңгейде түрлі сала бо­йынша қызмет көрсетіп жүрген аталмыш компанияның басшысы Әли Мохамад «Астана Қызмет-КЗ» ЖШС директоры Болат Ыдырысбаев, «SafBon Water Service (Holding) Inc.» мекемесінің бас менеджері Ванг Ксианмен ат басын Маңғыстауға бұрды. Маңғыстау об­лысында су тұщыту зауытын салу­ға қызығушылық танытқан олар бұл тұрғыда дайындаған арнайы жо­ба­ларын жұртшылық назарына ұсынды. 
Су тұщытатын жаңа зауыт соңғы жыл­дары өркендеп, бірнеше жаңа ны­сан­дардың мекеніне айналған, паром кешенімен танымал Құ­рық ауылынан 22 шақырым жер­де орналасып, оған қорек көзі ретінде газ-турбиналы электр стан­сасы пайдаланылады. Күніне 80 мың текше метр су тұщыта­тын зауыт өз өнімдерімен «ӨзенМұ­найГаз» АҚ, Жетібай, Құрық ауыл­дары мен Ақтау, Жаңаөзен қала­ларын қамтамасыз етеміз деп сенді­ру­де. Сондай-ақ, қуаттылығын бір дең­гей­де ұстамай, ең озық технология­ларды пайдалану арқылы бола­шақта ауқымды ете түсуді көздейтін зауыттың жобалаушылары Маң­ғыс­тауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін сумен қамтамасыз етуге атсалыспақ. 
Жақсы ұсыныстар жерде қал­ған жоқ – Маң­ғыс­тау облысы әкім­дігі атал­мыш ком­па­ния­мен ұзақ мер­зімді және өзара тиімді ын­ты­мақ­­тас­тық ту­ралы меморандумға қол қойып, өңір басшысы Е.Тоғ­жанов жобаны дайындау және жүзе­ге асыру мә­селелерімен айналы­сатын жұмыс тобын құру­ды тапсырды. 
Өңір үшін ауыз су тапшы деп жайбарақат оты­ру емес, жоқтан бар жасап, ауыз суды табу жол­дары маңызды. 
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы