Руханият • 07 Тамыз, 2017

Ықыластың қобызы

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ықыластың қобызы

ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлы өз қолымен жасап, керемет күйлерді аңыратып тартқан қобызы   бүгінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерінің қатарында тұр. 
Бұл қобызды күйшінің ұрпақтары қастерлеп, әулеттің киелі, қастерлі  заты ретінде сақтап келген. Құнды жәдігерді музей қорына 2008 жылы қобызшының шөбере келіні Жамбыл облысының Сарысу ауданындағы Жайлаукөл ауылының тұрғыны Алтын Ақынбаева өткізген. Бұл апамыздың айтуына қарағанда, Ықылас атамыздың мұрасына әуелі қобызшының кіші ұлы Ақынбай мен келіні Рәзия иелік еткен. 
 Ақынбай марқұм ертеректе қайтыс болған соң, Рәзия әжеміз өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін қобызды ешбір жанға ұстатпай, өз үйінде сақтап келген. Әжеміз қартайған соң қобызды ұлы Дәулет пен келіні Алтынға аманаттап кеткен. Бір қызығы, бұл қобыздың  алда-жалда ауылда, әулетте жақсы-жаман жағдай бола қалса шегі  дыңылдап, дыбыс шығарып, белгі беретін қасиеті болғаны жайлы әңгіме бар.  

Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА