Аймақтар • 07 Тамыз, 2017

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасының басшысы тағайындалды

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысында жаңадан құрылған басқарманың басшысы тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасының басшысы тағайындалды

Аппарат мәжілісінде күнтәртібіне сай өткен аптаның соңында өңірге жұмыс бабымен  келген Үкімет басшысы сапарының қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сөз болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Қисықова мен облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова айтып берді.

Оған қоса аудандық маңыздағы қала, селолық округ, кент әкімдерінің сайлауына дайындық шараларына да назар аударылды.

Мәжілісте жиналғандарға жаңадан құрылған Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасына облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің 2017 жылғы 31 шілдедегі өкімімен жаңадан тағайындалған басшы Нұрлан Жексембайұлы Бекенов таныстырылды.

Нұрлан Жексембайұлы 1961 жылы Солүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Кеңес ауылында туған. Зооинженер, бухгалтер-экономист, экономика магистрі тәрізді үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1982 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Тернов совхозында бастаған.

Қаржы саласында мол тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар бойы Ақмола облысының қаржылық бақылау басқармасы басшысының орынбасары, «Қазақстан халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Ақмола филиалының директоры, ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитеті сапаны бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2011 жылдың тамыз айынан бастап, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымында болды.