Қазақстан • 07 Тамыз, 2017

Бүгін түнде Қазақстан халқы айдың тұтылған сәтін көре алады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

деп хабарлайды Baq.kz

Бүгін түнде Қазақстан халқы айдың тұтылған сәтін көре алады

«Егер тарихқа көз жүгіртсек, біздің көгімізде айдың тұтылмағанына біраз уақыт өтіпті. Соңғы рет алты жыл бұрын толық тұтылған екен. Араға осынша уақыт салып, яғни тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні бізді ғажайып көрініс күтіп тұр. Жартылай болса да ай тұтылады. Жартылай дегеніміз, бұл түні жер көлеңкесі конусының түнегінде толған Ай табағының бір бөлігі ғана орналасады. Яғни түн басталғанда Ай толып тұрады да, уақыт өте келе, оның басым бөлігі көзден «ғайып» болады», - деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовник Sputnik Казахстан порталына берген сұхбатында.

Ал Василий Фесенков атындағы Астрофизика институтына қарасты Ай және ғаламшарлар зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфелдің пікірінше, бұл жылына екі үші рет болатын сирек құбылыс. Профессор айдың тұтылған сәтін қалай көруге болатынын да айта кетті.

«Ай көрінетін жерге шығу керек. Дүрбі болса жақсы, әрине. Терезе оңтүстікке қарап тұрса және аспанды көруге ешқандай кедергі болмаса, үйден шықпай-ақ тамашалауға болады», - дейді ол.

Айта кетейік, Айдың тұтылуын Астана уақытымен сағат 23.20 мен сағат 01.10 аралығында байқауға болады.