Президент • 08 Тамыз, 2017

Мемлекет басшысының Жарлығымен Исландия, Ирландия, Албаниядағы елшілер тағайындалды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Исландия, Ирландия, Албаниядағы елшілер тағайындалды, деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Исландия, Ирландия, Албаниядағы елшілер тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.