ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017

Көрмеден алған әсеріміз шексіз

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруға күні бұрын дайындалып, билет сатып алған күні ұлым мен қызымның қуанышында шек болмады. Теледидардан қызықтағаны өз алдына, көзбен көргеннің жөні мүлдем бөлек қой. Күн санап жүрді. Шынында да 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуға зор ынта білдірген, баламалы энергия мен «жасыл» технологияның заманауи жетістіктері насихатталатын шараны тамашалау пешенеге жазыла бермейтін бір бақыт екенін кейін сезіндім.

Көрмеден алған әсеріміз шексіз

Жүрдек пойыз елордаға әп-сәтте жет­кіз­ді. Қосымша тіркелген вагондар кірсе, шық­қысыз. Көрмеге жетудің барлық жағдайы қарас­тырылған. Астана бұрынғыдан да ажар­лана түскен. Бір күн бойы аяғымыз тал­ған­ша павильондарды аралап, өмір бойы ұмы­тыл­майтындай әсерге бөлендік. Мені шетелден келген азаматтардың, туристердің, қазақ­стан­дық жастардың көптігі таңғалдырды. Бір рет тамашалау арқылы ғана жаңашыл инновациялық мүмкіндіктердің шексіздігіне көз жеткіздім. 

Тағы бір айта кететін жайт, ұйымдастыру жұмыстарының өте жоғары деңгейде екендігі. Әсіресе, қауіпсіздік қызметіне жоғары баға берер едім. Көрмеге келушілердің бірі балалардың қоларбасын жоғалтып алды. Атшаптырым павильон ішінен лезде тауып берді. Санитарлық тораптар тазалығы да талапқа сай. Түрлі ұлттық мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Бір сөзбен айтқанда, көрме аясындағы қызмет көрсету сапасында мін жоқ. Осындай айтулы шараның елімізде абыроймен өтіп жатқаны кеудеге мақтаныш сезімін ұялатады. 
 Халықаралық көрмеден балаларымның алған әсері шексіз.

Айгүл МИРХАМИДОВА,
 кірістер бөлімінің бас маманы

Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ.Мүсірепов ауданы