Медицина • 09 Тамыз, 2017

Әр адам өз мәселесін өзі ғана шешеді

470 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Үйлену оңай, үй болу қи­ын». Ертеден ке­ле жатқан есті сөз. Отбасылық өмірде күр­ме­уі қиын түрлі жағдай кез­десетіні белгілі. Соң­ғы кездері осындай түйт­кілді проблеманың түй­і­нін тарқату үшін психологқа жүгінетіндер де бар. Өйткені, «шағын мем­лекетті» сақтап қалу үшін баратын қадам бұл. Жо­ғары санатты маман, тә­жірибелі психолог Ма­рал Сарбасқызымен әң­гі­мелескенде отбасылық қатынас психологиясы­на қатысты біраз мәсе­ле­ден хабардар болдық.

Әр адам өз мәселесін  өзі ғана шешеді

– Марал Сарбасқызы, өзі­ңізді «Әйел бақыты» бағ­дарламасынан да көріп жүр­міз. Сізге клиенттеріңіз қан­дай жағдайда келеді? 
– Бағдарламаға кейіпкерлер көбінесе жан сырын ақтаруға келеді. Сосын екінші кезекте бағдарлама арқылы мате­ри­алдық мәселелерін шешіп алу­ды көксейтіндері де бар. Адам­дар бір нәрсені түсінбейді. Проб­лемаларын Үкімет, қоғам не­месе жекелеген адамдар ше­шеді деп ойлайды. Ол – үл­кен қателік. Өмір өзгермейді, жағ­дай өзгермейді. Адамның көз­қарасы ғана өзгереді. Сон­дық­тан әр адам өз мәсе­ле­сін өзі ғана шешеді. Тура сол мә­се­леге басқа қырынан қарау ар­қылы, көзқарасын өзгерту ар­қылы тығырықтан шығатын жол табады. Психолог оларға со­ның жолын көрсетіп береді. 
Бізде балталасаң бұзыл­май­­тын «ұят болады» деген тү­­сінік бар. Осы «ұят болады­ны» бүркенген қаншама адам өз­дерінің мәселелерін жасырып-жауып әлек. Қаза­қы тәрбиемен өскендер пси­хо­лог­қа көбінде іс насырға шап­қан­да, дұрысы, жеке адам ре­тінде өзінің «менін» жо­ғал­тқанда келеді. 
– Шынында біз «үйдегі жағ­дайды сыртқа айтуға бол­­май­ды» деген түсінікпен тәр­­­биелендік. Бірақ, ен­ді қа­зір ашық қоғамда не­ше түр­лі жағдайларды кө­ріп жүр­міз. Әсіресе, ға­лам­тор­дан...
– Иә, ғаламторда неше түр­лі оқиғаларды талқылап, көр­сетіп жатады. Мысалы, ма­ған күніне ғаламтор арқылы ке­мінде үш әйел хабарласады. Көбіне тән жағдай мынадай: күйеуі ұрады, енесі күн көрсетпейді, зорлық-зом­бы­лықтың кесірінен баласы мүгедек боп туылған, т.б. Яғни, бір отбасында тұрып жатқан адамд­ар бір-бірін түсінбейді. Егер психолог емес, басқа адам болсаң, өмірден түңіліп ке­те­тін жағдайларды айтады. Сол үшін қазақы аудиторияға алдын алу жұмыстары керек деп айтамын. Көп әйелдерде «отбасын сақтаймын» деген қате түсінік бар. Немесе «бала үшін өмір сүріп жүрмін» дей­ді. Психологиялық тұр­ғы­дан алып қарағанда, бұл өті­рік. Егер отбасында ол әйел бақытын, ана бақытын сезін­бесе, тек отбасын сақтау үшін ғана өмір сүрген болса, дәл осы нәрсе баласына да беріледі. Психологиялық тіл­де мұны трансляция дейді. Әке­сінің ұрғанын, анасының өмір бойы жылап-сықтағанын кө­ріп өскен баланың, әсіресе, қыз баланың бақытты болу­ға, тіршілікте кездескен күр­де­лі мәселелерді шешуге та­л­пы­ныс­тары әлсіз болады. «Ме­нін» жо­ғалтады, тепкіге көн­гіш, қат­ты сөз айтуға батылы жет­­пейді не ажырасып кетуге бей­ім...

Жасық әйелдерді көп ба­сынады дейсіз ғой сонда?

– Әр адамның өмірге келген соң атқаратын өз міндеті бар. Бұл дінде де бар нәрсе ғой. Екі жақ өз міндетін жақсы біліп қана қоймай, соны орындаса ешқандай күрделі мәселе жоқ. 

– Сіздің кеңесіңізге кел­ген­­нен кейін клиенттердің тағ­­дырлары қалай өзгерді не­месе қандай жетістіктерге жет­ті? 

– Бір жолы маған «Бауыр цир­розы» деген диагноз қой­ылған 63 жастағы апай кел­ді. Ол кісімен үш ай жұмыс іс­­те­дік. Күйеуінің қатал, ашу­­шаң адам екенін айтты. Ыл­ғи ұрып-соққан, қор­ла­ған, төмендеткен. Тіпті, құ­дан­далы болған кезде де, тойдың үс­тінде қол көтерген. «Ба­ла­ларымыз бар, ел-жұрттан ұят болады» деп өмір-бақи қор­лыққа шыдап келген. Бі­рақ, соңында әлгі адамнан айырылысқан. Апайдың іш­те­гі өкпе-реніші ұлғая келе, бау­ыр­дың зақымдалуына алып кел­ген деп болжадық. Біз ол кі­сімен үш ай жұмыс істедік. Алдында дәрігерлер бауырға ота жасау, яғни оны ауыстыру туралы шешім қабылдапты. Ол кісі бізден кеңес алған соң, Он­кология және тран­сплан­то­логия ұлттық ғы­лыми ор­та­лығында жатты. Дә­рі­герлер ота жасамақ болып, бауырын аш­қан кезде таңғалыпты. Сау адам­ның бауырын көрген. Ота жасамай, қайта жапқан. «Не істедіңіз?» деп сұрапты апай­дан. Ол кісі «Алдымен Алла­ның арқасы, екінші психологпен жұмыс істедім» деп жауап  беріпті. Мен үшін бұл үлкен жетістік.

 Екінші бір мысал ай­тайын. Бір от­басы келді ма­ған. Ер мен әйел. Екі түр­лі көзқарас, екі түр­­лі дүние­та­ным. Жі­гіт­тің бұ­рын да әйелі болған, кейіннен ажы­расып кеткен. Ал мы­на әйелмен де өмірі он­ша бол­май, ай­ырылы­сып, қай­та қо­­сы­лып, ырың-жы­рың боп жүр­­­ген шақ­та­рын­­­да келді. Ме­нің ал­­дымда да тіл табыса ал­май, бір-бірін тыңдағысы келмей, ұрыса берген соң, екеуіне бөлек-бөлек терапия жүргіздім.

 Психологияда «кірпі» дей­тін бір түсінік бар. Әйел қит етсе дереу «тікенектерін» сыр­тқа шығарып, өзі жабылып қа­лады. Киім-кешектерін жинап кетіп қалуға бейім. Яғни, ол сол отбасының бір мүшесі, сол еркектің әйелі екенін сезінбейді. Өзі таппаған соң, керемет үш бөлмелі пәтерді, көліктерді өзінікі көрмейді. Осы ұрыс-керістің барысында араларындағы үш жастағы қыз бала қиналды. Біз әйелдің са­насын, ойын өзгертуге күш сал­дық. «Мынау сенің от­басың, сенің ұрпағың, бұл се­нікі» деген оймен жұмыс іс­тедік. Ал ер адамға эмоция­ла­рын реттеуге көмектестік. Ақыл­ды адамның әйелге қол кө­термейтінін, керек сөздерді тау­ып айтып, айтқанын орын­да­туға болатынын ұғынуы үшін жұмыс істедік. Нәтижелі болды. 

– Сіз кезінде «Аналар үйі» деген қоғамдық қорда жұ­­мыс істедіңіз ғой. Бала асы­­рап алуға қатысты бір пор­тал ашу туралы идея­ла­рыңыз бар еді...

Иә, ол портал үлкен ең­бек­пен, айтыс-тартыс­пен ашылды. Енді бала­лар үйін­­де тәрбиеленіп жат­қан жеткіншектерді портал ар­қылы көруге әбден мүм­кін­дік бар. Онда әрбір ба­ла­ның суреті, ол туралы деректер тұрады. Бірақ тегі қой­ыл­май­ды. Бұрын бала асырап ал­ғы­сы келетін ата-ана алдын ала баланы көре алмайтын. Жал­пы, біздің «Аналар үйі» қо­ғамдық қоры бұл бағытта көп жұмыс істеді.

– Байқауымша, мына кең­сеңіз де қарапайым ғана клиент қабылдайтын орын емес сияқты?

– Дұрыс айтасыз. Бұл «Би­кеш­тер» ана мен бала да­му орталығы. Клиенттерімді бар­лық уақытта сүйемелдеп отыруға уақытым болмаған соң, ватсап арқылы арнайы топ ашқанбыз. Топтың түпкі нәтижесі болған осы орталық ана мен бала бірдей дамуы үшін жақсы жағдай жасауға қыз­мет етеді. Нәтижесі ойда­ғы­дай болып жатса, басқа қа­лаларда да ашсақ деген жоспарымыз бар. 
– Еңбектеріңіз жемісті болсын. 

Әңгімелескен Айгүл СЕЙІЛ,
«Егемен Қазақстан»