Медицина • 09 Тамыз, 2017

Қалыңдық армандаған күн

723 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұзын сөздің қысқасы, айналып келгенде психологтар ұзын көйлектердің әйелді нәзік етіп көрсететініне тоқтады-ау. Ішкі түйсікпен шалбар киетін бикештерді ер-азаматтар қарсылас ретінде қабылдап қалуы мүмкін екен. Сондықтан енді арнайы тренингтерде сән мамандары нәзік болмыс иелеріне ұзын көйлек киюге кеңес беруде.

Қалыңдық армандаған күн

Ұзын көйлек демекші, етек қанша қысқарып, ұзарса да, той көйлегі міндетті түрде ұзын қалпын сақтап қалды. Әсіресе, біз­дің қыздарымыз халықтың қақ орта­сын­дағы ханшайым секілді, ұза­ты­лу, үй­лену тойларында көйлегінің ұзын бол­ғанын қалайды. 
Биылғы тамыз айларындағы той көй­лек­терінің тренд – шабдалы түстісі. Ерек­ше аппақ көйлектер  де сән сахнасынан ке­те қойған жоқ. Тек біз айтқан екі түрлі көй­лекке де металл әсерлі көйлектер қа­лың­дықты сәнді етіп көрсетеді. 

Ал үйлену тойының негізгі ханшай­ымынан бөлек, меймандарға айтар болсақ, әдемі ұзын көйлек киюден бас тартпаңыз. Қыз­мет бабында көлбеңдеп жүруге мүм­кін­дік жоқ шығар. Суға шомылғанда, тау­ға шығып, көлік жүргізгенде ұзын көйлек ки­іп жүрген қолайсыз деп есептейтін бол­са­ңыз, онда тойға міндетті түрде ұзын көйлек ки­гейсіз. Көйлек киген әйелдің жүріс-тұ­рысы да өзгеріп шыға келеді. Көйлек – ке­ңіс­тіктегі ғажайып үйлесім. Биылғы мау­сымда тобылғы күрең, шымқай қызыл, көк, көк-жасыл, алтын түсті көйлектер сән­де екенін ескерте кетейік.


Той макияжы

Басқа мерекелерге қарағанда, қалың­дық­қа жасалатын той макияжы нәзіктеу әрі күрделі болып келеді. Тойдың басты кей­іп­кері визажиспен ақылдасып, алдын ала сынақ макияжын жасатуы тиіс. Сы­нама макияж жасау барысында боян­дырушы қалыңдықтың көйлегі мен ақжелегіне мән беруі тиіс. Соған лайық шаш үлгісі жасалып шығады. Негізінен визажист пен стилистің ақылдаса отырып қалыңдықтың келбетін жасап шыққаны дұрыс. Екі маман да қалыңдықтың жан түкпіріне, мінез-құлқына мән беруі керек. Мәселен, ұзын той көйлегі мен кеде киюге болатын тренд пайда болды.
Қалыңдық қазақы әрі ұяң болса, бұл үл­гіге бара бермейтіні анық. Оның үс­ті­не стиль дегеніміз батылдықты талап етеді. Мәселен, қазір әйелдердің шал­бар киіп жүруі қалыпты жағдай. Ал ең бірінші шалбар киіп шыққан қыздың қандай батыл болғанын елестете аласыз ба?

Той макияжын жасаушы тек бет-әлпетіңізді ғана әрлемейді. Егер кө­кі­рек тұсы ашық көйлек киетін бол­са­ңыз, алқымыңызды да бояуы тиіс. Қол, құ­лақ. Тіпті, арқасы ашық көйлек кисе­ңіз арқаңызды да бояуы қажет болады. Сон­дықтан макияж ішіндегі ең жауапты һәм күрделісі осы той макияжы болып са­на­лады.

Макияждардың да түр-түрі сәнге еніп жа­тады. Биылғы тренд – күтім көрген бет әлпет деп аталады. Яғни, мұндай ма­кияж сіз күнде косметологқа барып жүр­ген­дей әсер қалдыруы тиіс. Ол үшін визажи­ст арнайы хайлайтер пайдаланады. Той м­а­кияжын жасағанда ашық түстерді емес, жұм­сақ реңктерді қолданады. Жа­сыл жә­не көк түсті той макияжына жа­қын­дай көрмеңіз. Бұл түстердің сіздің көй­ле­гіңізді арзанқол етіп, өзіңізді аңғал етіп көрсетуге құдіреті жетіп жатыр.

Жабық көйлек киетін қалыңдық шашын жоғары жинағаны жөн, ал арты ашық киінгендер сақиналы бұйралар жасауына болады. 
Той макияжында арнайы контур жасалмайды. Оның орнына стробинг сәнге кірді. Стробинг деген не? Бояуды сіңіре жа­ғып, бетті жарқыратуды стробинг деп атай­мыз. Көбіне Голливуд жұлдыздары стро­бинг пайдаланады.

Сән әлеміне саяхат жасаған 
Айнұр ТӨЛЕУ