ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017

Астанада Flying Steps би тобының кеші өтті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында дүние жүзіне танымал Flying Steps би тобы қала тұрғындары мен қонақтарына концерт өткізді.

Астанада Flying Steps би тобының кеші өтті

Бұл топтың бір ерекшелігі – жастар арасында кеңінен танымалдыққа ие болған брейкданс биінің ырғағын классикалық музыкамен байланыстыра білуінде. Ал елорда төрінде өткен шара Австрия павильонымен бірігіп, «RedBull Flying Bach» атауымен ұйымдастырылды.

– ЭКСПО аумағында, әсіресе Австрия павильонында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мұнда келген әрбір жан болашақтың энергиясын сезіне алады десем артық айтпаған болар едім. Flying Steps тобы көрменің сәнін кіргізіп, шараға жиналғандарды таң қалдыратынына сенімім мол, – деді Алматыдағы Австрия елшілігінің Сауда кеңесшісі Михаэль Мюллер.

Бір қарасаң брейкданс мен классиканың қозғалыстары бір-біріне мүлдем келмейді. Алайда, аталған топ пен концерттің режиссер-қоюшысы Кристоф Хагель оны жоғары деңгейде ұштастыруға болатынын дәлелдей білді. Себебі, шараға жиналған жұртшылық өнерпаздардың түрлі қимыл-қозғалыстарына, классикалық музыканы үйлестіре алғанына таңданыстарын жасыра алмады.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»