Аймақтар • 14 Тамыз, 2017

Жаңа әкімдер сайланды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында ауылдық округтер, кент жә­не ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын. Оның қорытындылары жайында облыстық сайлау комис­сия­сының төрағасы Ерғара Аймағамбетов БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді.

Жаңа әкімдер сайланды

Сайлау жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құ­қығы негізінде жүргізілді. Бас­қаша айтқанда, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері төрт жылдық өкілеттік мер­зім­ге тиісінше аудандық, қалалық мәслихаттардың депутаттары болып табылатын сайлаушылар тарапынан  сайланды.

Сайлауға Қарағанды об­лы­сының 16 аймағы қатысты, оның 129-ы ауылдық округтер, ауылдар мен кенттер. Сайлауға барлығы 388 үміткер қатысқан, оның 287-сі ер адам және 101-і әйел адам.

Комиссия төрағасы Ерғара Аймағамбетовтің айтуынша, өткен сайлау қорытындысы бойынша 129 әкім берілген дауыс басымдығымен сай­ланып, оның 83-і ауылдық ок­ру­г­тер­дің, 22-сі кент және 24-і ауыл әкім­дері болып отыр. Сай­ланған ауыл әкімдерінің 121-і ер адам, 8-і әйел адам. Бар­лық сай­ланған әкімдердің жоға­ры бі­лімдері бар. Олардың көп­ші­лігі инженерлер мен мұға­лімдер, экономистер мен ауыл шаруа­шылығы қызметкерлері және заңгерлер.

Аталған сайлауға жергі­лікті бюджеттен 20 миллион теңгеден астам қаражат бөлін­ген. Айталық, әр үміткерге үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізу үшін 66 500 теңге қарас­ты­рылыпты.

Енді сайланған әкімдер өз­дері­нің қызметтік міндет­теріне кіріс­пес бұрын, екі апта­ға созы­латын арнайы тексе­ріс­тен өтуі қажет.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы