Бұл ретте, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы үшінші жаңғырудың үйлесімді бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Павлодар облысының полиэтносты тұрғындары мен Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл ең алдымен жаңа азаматтық бастамаларда – бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, білімге ұмтылуды, сана-сезім ашықтығында азаматтық бірегейлікті нығайтуды білдіреді.
Бүгінде елімізде мәдениетаралық байланыстың арқасында ұлттық ерекшелікті сақтауға, этносаралық қарым-қатынастың үйлесімді дамуына, азаматтық және ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытта өңірлерде мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру шеңберінде өтетін әлеуметтік маңызы зор мәдени акциялар мен іс-шаралардың бастамашысы әрі қатысушысы болып отырған этномәдени бірлестіктер белсенді жұмыс атқарып отыр.
Мемлекет пен қоғам, сондай-ақ Ассамблея ынталандыратын этномәдени бірлестіктер елімізде тұрып жатқан әртүрлі этностар арасындағы мәдениетаралық диалогты, қоғамдық сананы одан әрі жаңғырту үшін қоғамдық ынтымақтастық пен келісімді сақтау мен дамыту, жаңа мәдени және әлеуметтік негізді нығайтуды көздейді.
Осы үдерістің маңызды алғышартының бірі ретінде Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында уақыт талабына сәйкес көпұлтты Қазақстан халқының бірегей ұлттық мәдениеті мен дәстүрін сақтау және дамыту қажеттілігін айтып өткені кездейсоқ емес. Бұл мәселеде азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік институттарының элементтерін өзіне байланыстыратын бірегей органы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі айрықша.
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамның белсенді қатысуын талап ететін нақты міндеттер мен бірқатар жобалар белгіленіп отыр. Мәселен, жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға, азаматтардың туған еліне, ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға, жас ұрпақты тарих пен мәдениетті құрметтеуге бағытталған «Туған жер» және отандастарымыздың нақты жетістіктерін көрсететін, жаңа Қазақстанды қалыптастыруда аянбай еңбек етіп жүрген майталмандарға арналған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларының орны бөлек. Осы жобаларды іске асыру шеңберінде Ассамблея және этномәдени бірлестіктер қоғамның ортақ мақсатқа бірлесіп жетуін қамтамасыз етеді. Ассамблеяның қолдауымен өткізілетін конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңшалары талапты және тиімді нормаға, қоғамдық пікірдің айнасына айналды.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясындағы сөзінде азаматтық бірегейлікті нығайту және бірлік пен келісімді одан әрі қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа бағыттары – Қоғамдық келісім кеңесі.
Қазіргі уақытта 71 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Қоғамдық келісім кеңесінің отырыстарында өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзекті мәселелері қарастырылды. Кеңес өз қызметінде облыстық ассамблеяның Ақсақалдар алқасымен және ардагерлер кеңестері және этномәдени бірлестіктерінің ақсақалдарымен белсенді әрекеттесуі оң әсерін тигізуде.
Сондай-ақ, жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын насихаттау жөніндегі жұмысқа аналар кеңесі белсенді қатысуда.
Ассамблея шетелдермен де, соның ішінде Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тарихи отандарымен де достық байланысты нығайту және ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осылайша, Қазақстанда бүгінгі күні этностық бірлестік өкілдерін өздерінің ұлттық мәдениетіне және ана тіліне қатыстыру үшін, сондай-ақ «әралуандықтағы бірлік» қағидаттары негізінде жалпықазақстандық мәдениет пен азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен дамыту бойынша барлық жағдайлар жасалуда.
Бұл процесс қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттігін арттыруға, бүкіл әлемге халқымыздың бірегейлігін, оның саясат, экономика, технология, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша жетістігін көрсетуге бейімделген жалпықазақстандық сананы жаңғырту үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады.
Тарихи тәжірибе әртүрлі этностардың даму тәжірибесін өзіне сіңірген тек көпэтносты қоғам ғана әлемдік даму көшбасшылары болып табылатынын көрсетеді. Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Қытай, Үндістан осындай аймақтар болып табылады.
Қазақстанның полиэтностығы елімізді әлемдік экономикалық кеңістіктің технологиялық тізбесіне енгізудің тағы бір жолын ашады. Ең бастысы әлемнің әртүрлі елінен шығып, Қазақстанда тұрып жатқандар, сондай-ақ, өзінің тарихи отандарымен бірлесіп жоғары технологиялық өндірістерді дамытатын қазақстандық этностардың арасындағы кәсіпкерлер әлеуетін тиімді пайдаланған жөн.
Германия, Польша, Корея сынды елдер Қазақстанда, соның ішінде Павлодар облысында жаңа жұмыс орындарын ашатын, өндірісті, әлеуметтік қызметті жаңа технологиялық деңгейге шығаратын, бірлескен бизнес жасайтын мемлекеттердің қатарына жатады. Сондықтан біз облыстың этномәдени бірлестіктерін осындай байланыс түрлерін кеңейтуге бағдарлаймыз. Әрине, бұл бір күндік жұмыс емес.
Жалпы, қоғамдық сананы жаңғырту саласында Ассамблея және этномәдени бірлестіктер сынды ұйымдардың әлеуеті өте зор.
Сейсенбай ЖЕТПІСБАЕВ,
Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі