Қазақстан • 14 Тамыз, 2017

Медиация институтын дамытудың маңызы зор

550 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Медиация институтын дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан да Ассамблея жұмысын жүргізуде, сондай-ақ, оны алға қарай дамытуда кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың ықпалы зор. Сонымен қатар, қоғамдағы түрлі даулы жағдайлардың алдын алу үшін медиаторлық технологияларды пайдаланудың да маңызы орасан. Осыған орай, Ассамблеяда жалпыреспубликалық инклюзивті медиаторлар желісі құрылған. Жамбыл облысында оған Қоғамдық келісім кеңесі мен медиация кабинеті кіреді.

Медиация институтын дамытудың маңызы зор

Тараз қаласындағы Достық үйінде «Медиация институтының қазіргі жағ­дайы мен даму перспективасы» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Респуб­ли­ка­лық мем­­лекеттік мекемесі медиация сек­торының меңгерушісі Жанар Үсіп­бе­кова, «Қоғамдық келісім» комму­нал­дық мемлекеттік мекемесі медиа-ция кабинетінің маманы Валентина Досыбиева, облыстық сот координаторы Динара Нұрлыбаева, Тараз қалалық Әділет басқармасының басшысы Гүлнәр Кушекова, Қазақстан халқы Ассам­блеясының медиаторы Гүлмира Жол­да­сова, Байзақ ауданының Қазақстан хал­қы Ассамблеясының медиаторы Ғалия Көшек­баевалар қатысып, медиация сала­сына қатысты түрлі тақырыптарда баяндама жасады.

Бүгінде Жамбыл облысы әкімі ап­па­­ратының «Қоғамдық келісім» комму­нал­дық мемлекеттік мекемесі жанынан 2016 жылдың 4 ақпанынан бастап қоғамдық қабылдау жүргізетін, тұрғындар кез келген мәселелерімен жүгіне алатын медиация кабинеті жұмыс істеп келеді. Бұдан өзге сотта, облыс, қала және аудан әкімдерінің аппаратында 48 медиатор қызмет ететін 12 медиация кабинеті, сонымен қатар тұрғындарға медиациялық кеңес беретін кезекшілік мүше кеңесі ұйымдастырылған. Ал ағымдағы жылғы 1 тамыз күні медиация кабинетіне 362 азамат өз өтініштерімен қайырылған. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы медиаторларының қыз­меті нәтижесінде үш жүз даулы жағдай оң шешілген. Ал азаматтардың берген өтініштерінің ішінде этносаралық келіспеушілік пен шиеленіс бойын­ша мәселе болмағанын айта кету керек. Сонымен қатар, форум бары­сында медиация институтының жағдайы мен даму мәселелері сөз болып, Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация құрылымының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктері талқыланды.

Форум қатысушылары тарапынан 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Жамбыл облысы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының хат­шылығына «Қоға­мдық келісім» комму­налдық мемлекеттік мекемесі кұрылымында өнірлік медиация институтын тиімді дамыту мақсатында медиация бөлімін ашу мәселесін қарастыру, тұрақты түрде өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұ­қаралық ақпарат құралдарында ақ­парат беріліп, ашық есік күндерін өт­кізу, ел азаматтарына арналған медиация бойынша семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарын жүргізу сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды. Енді айтылған ұсыныстар қабылданып, жоспарлар жүзеге асқан жағдайда, медиация қызметінің мәртебесі бұдан да арта түсетіндігі сөзсіз.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы