Қазақстан • 14 Тамыз, 2017

«Әзірет сұлтанға» 200 бала келді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайына «Астана–Ақтау–Түркістан–Алматы–Ас­та­на» бағдарымен сапар шеккен «Туған елге саяхат» темір жол туристік пойызымен 200-дей бала келді.

«Әзірет сұлтанға» 200 бала келді

Санаткерлік саяхат  «С­а­­мұ­рық-Қазына Trust» кор­­по­ра­тивтік қорының қол­дауы­мен жүзеге асқан. Бас­­ты мақсаты – сыртқы әлем­ге бала­лардың қызы­ғу­шы­лы­ғын арт­тыру, ел­дің та­ри­хы мен сәу­лет ескер­т­кіш­терін зерт­­теп, патриоти­змге тәр­бие­­леу.

Бұлардың барлығы да шал­ғайда тұратын, сабақ­та­рын үздік оқитын, көп ба­ла­лы, толық емес от­­басы­ларынан шыққан өрен­дер.

Түркістанға сапар ба­ры­сын­да олар «Әзірет Сұл­тан» қо­рық мұражайын ара­лап, Қо­жа Ахмет Ясауи ке­се­несінің  ке­реметтерін өз көз­дері­мен кө­ріп, таң­да­ныс­та­рын жасыра алмады. 

Дәулет ҚОЖАМҰРАТОВ,
«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қызметкері