Қазақстан • 14 Тамыз, 2017

Алматыда қаланы дамытуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайларына қосымша қаржы бөлінді

293 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Алматыда VI-шақырылымдағы мәслихаттың XIX сессиясы барысында қаланың 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 млрд. теңге болып қабылданды.

Алматыда қаланы дамытуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайларына қосымша қаржы бөлінді

Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті. «Алматы 2020 даму» Бағдарламасының тұжырымдарына сай қаланы дамыту мен азамттардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты өзгеріс енгізілді. 

Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3%-ды құрайды. Бөлшек сауда 6,8%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, тұрғын үй салу 15,6%-ға артқан. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді.

Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 млрд. теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд. теңгеге жетіп, өсім 12,2% болды.Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84% болуы арқасында қамтамасыз етілді.Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллардтан 160 млрд. теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд. теңгеге ұлғайды.

Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд. теңгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған. Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды.

Білім саласындағы негізгі проблемалардың бірі сыныптардың толымдылығы. Сондықтан №198 мектеп жанынан қосалқы обьект салу үшін 28,4 млн. теңге бөлінді. №138 гимназия жанынан 600 орынды нысан салу үшін 5 млн. теңге бөлінді әрі ЖСҚ жасалуда. Алматыдағы №2 гуманитарлық-педагогикалық колледжде 500 оқушыға арналған қосалқы нысан салу үшін 4,8 млн теңге бөлінді және ЖСҚ дайындалуда.

Балалардың қауіпсіздігі үшін оқу орындарының сейсмикалық қуатын арттыруға жіті назар аударылуда. Тілі мүкіс балалар сабақ алатын №9 мектеп-интернаттың сейсмикалық қауіпсіздігін нығайту және ЖСҚ дайындау үшін 8,5 млн. теңге бөлінеді. Биыл 42 білім ошағының құрылысы мен сейсмикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру қарастырылған. Бұлардың 29 объектісі биыл іске қосылады.

Қала мектептерінің оқу құралдарын алу үшін 528,2 млн. теңге бөлу жоспарланған. Жеке бала бақшаларда балдырғандар санының артуы барысында мемлекеттік білім тапсырысы үшін 123 млн. теңге бөлінеді.Бұқаралық кәсіпкерлік аясында жастар практикасына қатысатын 1,5 мың адамға 166,7 млн. теңге жоспарланған.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету оталықтарында қамқорлыққа алушылар қатарының 1130 дейін жетуіне орай азық-түлік өнімдерін алу үшін 51,1 млн. теңге, дәрі- дәрмек үшін 17,1 млн. теңге бөлу қарастырылған. Әлеуметтік қолдау және оны тұтынушылар санының артуына байланысты 43,8 млн. теңгеге 144 кресло-арбалар, 3,8 млн. теңгеге 57 есту аппараттары алынып, 14,4млн. теңгенің Инватакси қызметі ұсынылады.

Медициналық қызмент сапасын арттыруға айрықша назар аударылады, осыған орай бұл салаға қосымша 1,2 млрд. теңге бөлінеді. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға жете мән беріледі. 83 медициналық жабдық пен патологоанатомиялық бюроға 1 жүк лифтін алу үшін 893,1 млн. теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық қуаттылығын арттыруға және 3 нысандағы жұмысты аяқтауға 22,9 млн. теңге жұмсалады. Биыл 18 денсаулық сақтау нысаны салынуда әрі жөнделуде, олардың 10 объектісі жыл аяғына дейін іске қосылады.

Тұрғын үй- коммуналдық қызметті жақсартуға 3,8 млрд. теңге қарастырылған. Қазіргі кезде жылу жүйелерін, су құбырларын жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қалаға қосылған елді мекендерді жарықпен қамтамасыз етуді жақсарту және қаланың Оңтүстік- Батыс бөлігіндегі 153 га жерге орналасқан аумақты электрмен қамтамасыз ету үшін 2,8 млрд. теңге қарастырылған. Қалаға қосылған елді мекендерде электр желісін салу үшін ЖСҚ дайындауға 6 млн. теңге бөлінеді.

«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 3,4 км инженерлік инфрақұрылым, су құбырлары жөнделеді, кәріздер жасалады. Достык ықшам ауданында осындай ауқымды жұмыстарды жүргізу үшін 130,4 млн. теңге, Калкаман-1,4 ықшам ауданына 53,3 млн. теңге бөлінеді, арнайы медқамтамасыз етудің қойма базасының қазандығын салуға 30 млн. теңге қарастырылған.

ТҮКШ модернизациялау бағдарламасы аясында 58 үй кешенді жөнделеді, 43 үйдің шатырын жөндеуге 745 млн. теңге бөлінеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Саялы-2» көпқабатты үй үшін инженерлік желілер салуға 104 млн.теңге бөлінеді.

Қаланы абаттандыруға 593,4 млн. теңге жұмсалады. Арық желілерін жақсартуға баса назар аударылады. 5,9 км арық желісі мен жауынды канализация құрылысына 243,8 млн. теңге қарастырылған. «АЖК» АҚ сыртқы жарық көздерін қамтамасыз етуге 100 млн. теңге бөлінеді.Қаланың магистральді көшелеріндегі 5 жер асты өтпелі жолдар жөнделеді.

Биыл бюдетті нақтылау барысында 43,2 мың жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.

Жалпы, Алматы әкімдігі қала тұрныдары мен қонақтары үшін жайлылық жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Биыл жол айрықтарын, құрылыс нысандарын, Универсиада обьектілерін, әлеуметтік нысандарды салу мен ашу шараларын оңтайландыру, түрі құрылыс жұмыстарына МЖӘ кеңінен тарту, мемлекеттік сатып алу шараларын үнемдеу барысында түскен қаржы қала экономикасын арттыруға жұмсалды.

Қалада тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалуда,парктер мен скверлер абаттандырылуда, жаяу жүргінші және веложолдар жасалып, қоршаулар алынуда, қоғамдық кеңістік кеңеюде.

Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңы қайта жасалып, бұларда жаяу жүргіншіге басымдық берілуде, аллеялар, жасыл ландшафтар, велосипед жолдары, балалардың ойын алаңдары, өтпелі жолдар жасалуда.

Жыл аяғына дейін қаладағы 500 аула жөнделеді, әр ауданда 16 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады.

146 км жол жөнделеді, 97 мың шаршы метр тротуар абаттандырылады, ұзындығы 15 км жол және 57 көшедегі 42 км арық желісі қайта жасалады, 32 км жылу жүйесі жаңғыртылады. 20 мың үйге 380 км су құбыры мен кәріз желісі тартылуда, Фурманов, Абай көшелері үңгіленіп, үш жол айрығының құрылысы мен жаңа аудандадағы жолдар жасалуда.

Ауқымды көлік реформасы жүзеге асуда. «Онай» жол картасы жасалып, 1 млн. 300 мың карта сатылды. 2016 жылы 137 жаңа автобус сатып алынды. Биыл сатып алынған 60 жаңа автобусқа қосымша жыл аяғына дейін тағы да 300 жаңа автобус алынады. Автобустар мен троллейбустар үшін арнайы жолақтар 100 км. дейін жетеді. Ақылы көлік тұрағы 10 мың орын болады. Метроның екі бекетінің, BRT желісінің құрылыстары жалғасып, LRT енгізуге дайындықтар жүруде.Қалада Орбита ықшам ауданынан Көк базарға дейін велодәліз жасалады, велостанциялар саны 200 дейін барады, бұларда 1700 велосипед болады. Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жолды түнде жарықпен қамтамасыз ету жүзеге асады.

Қалаға қосылған Наурызбай ауданында 188 км жолға асфальт төселеді, 64 пәтерлі тұрғын үй орталық жылумен қамтылады. МЖӘ есебінен 2 мектеп, 3 емхана, 33 бала бақша, 17 спорт және балалар алаңдары салынды. Жыл аяғына дейін 123 км су құбыры, 80 км кәріз желісі жүзеге асады, 2018 жылы 135 км электр желісі жарық беретін болады. Аудан 100 пайыз газбен қамтылған.

2015 жылғы сел зардаптарын жою үшін Қарғалы өзенінің арнасы қайта жасалды, жағалаулар мықты бекітілді,аудан тұрындары үшін жаңа демалыс орындары ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Наурызбай ауданын кезең бойынша дамыту барысында аудан әкімдігі мен ІІБ ғимараты іске қосылды. «Туғанжер» бағдарламасы бойынша шілде айының басында «Завод Электрокабель» ЖШС бөлген 1,2 млрд. теңге қаржыға салынған 500 адам қатынайтын көпфункционалды емхана іске қосылды. 1 қыркүйекте «Сәби» жеке қайырымдылық қоры бөлген 1,4 млрд. теңгеге салынған 1200 орынды мектеп ашылады.

Тамыз айының соңына дейін мемлекеттік табыстар басқармасының, сот, прокуратура, Қазпошта,банк, зейнетақы төлеу орталығы, тәулігіне мың адамға қызмет көрсететін ХҚКО-ның ғимараты пайдалануға беріледі. «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 1,5 мың пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Биылғы жылдың қыркүйек айында 4967 тұрғын үй пайдалануға беріледі.