Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Ұйым саммитіне шақырту табыс етілді

301 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифаның қабылдауында болды. Сондай-ақ, аталған елдің сыртқы істер министрі шейх Халед бен Ахмад Әл Халифамен және білім министрі Мәжит бен Әли Әл-Нуеймимен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабар­лады еліміз Сырт­қы істер министрлігінің бас­п­асөз қызметі.

Ұйым саммитіне шақырту табыс етілді

А.Камалдинов Король Хамад бен Иса Әл Халифаға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Ғылым және технологиялар жө­ніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін жолдаған шақыруын тапсырды. Атал­ған бастаманы Мемлекет басшысы бірінші рет 2016 жылғы сәуірде Ыс­тан­бұл­да өткен ИЫҰ-ның  13-ші саммиті шеңберінде жария еткен болатын.
Ғылыми және технологиялық әлеу­ет­ті дамыту саласында мұсылман қау­ымының күш-жігерін біріктіруге ба­ғытталған Астана саммитіне Ұйымға мү­ше барлық мемлекет (55 ел), сондай-ақ, байқаушы мемлекеттер мен бірқатар басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың бірінші басшылары шақы­ры­лады. Саммит қонақтарының 10 қы­ркүйекте ЭКСПО-2017 халық­ара­лық мамандандырылған көрмесінің рес­ми жабылу салтанатына қатысулары да күтіліп отыр.

Бахрейн Королі Қазақстан Пре­зид­енті­нің шақыруын үлкен риза­шылықпен қа­был алды және бұл бастама Ислам әлемі­нің ілгерілеуі мен дамуын қолдау тұр­ғысында маңызды екендігін атап өт­ті. Ол Президент Н.Назарбаевтың бітім­гер және ғаламдық саясаткер ретіндегі рөліне жоғары баға берді.

Кездесу барысында бахрейндік монарх алдағы ИЫҰ саммитіне өзінің қа­ты­суы туралы ниетін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Пре­зи­дентінің Арнайы өкілі Мемлекет бас­шысының әртүрлі жанжалдарды ше­шу бойынша стратегиялық мақсатқа қол жеткізу мен мұсылман елдерінің эко­номикалық ынтымақтастығы үшін қо­лайлы жағдай тудыруға бағытталған өзге де айтулы бастамалары − Исламдық татуласу үдерісі және «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» бағ­дар­­ламалық құжатын әзірлеу туралы айт­ты.

Жалпы алғанда, тараптар келіссөздер ба­ры­сында Астана мен Манама ара­сын­дағы әртүрлі салалардағы екіжақты ын­тымақтастықты жандандыру жолдарын, сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйым­дар, соның ішінде ИЫҰ шеңберіндегі өза­ра іс-қимылының жағдайы мен бола­ша­ғын талқылады.
Бахрейннің сыртқы істер минист­рі шейх Халед бен Ахмад Әл Халифа­мен болған кездесуде екіжақты ынты­мақ­т­астықтың, халықаралық және ай­мақ­тық саясаттың өзекті мәселелері тал­қыланды. Жуық арада Қазақстан-Бах­рейн үкіметаралық комиссиясын құру, сыртқы істер министрліктері ара­сында консультациялар өткізу, не­гізгі екіжақты құжаттарға қол қою, бах­рейндік бизнес-делегацияның Қазақ­стан­ға сапарын ұйымдастыру және т.б. бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Корольдіктің білім министрі Мәжит бен Әли Әл-Нуеймимен кездесуде білім бағдарламалары шеңберіндегі ынтымақтастық саласындағы екі елдің өзара іс-қимылын дамыту жолдары, студенттермен және ғылыми орталықтар арасында тәжірибе алмасу және т.б. мәселелер қарастырылды.