Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Шекарашылар Отан күзетінде шыңдалады

306 реткөрсетілді

1992 жылдың 18 тамызында Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО-ның Шығыс шека­ра­лық округінің база­сын­да Қазақстан Ре­с­пуб­ли­ка­сы­ның Шекара әс­­ке­рі құ­­рылды. Содан бе­рі 25 жыл бойы қазақ­стан­­дық ше­кара­шы­лар елі­міз­дің тыныш­тығы мен қау­іп­сіздігін қалт жібер­мей кү­зетуде.

Шекарашылардың ширек ғасыр­лық мерейтойының қар­саңын­да біз Ұлттық қауіпсіздік комитеті төра­ғасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Дархан ДІЛМАНОВҚА жолығып,  бір­неше сұрақ қойған едік. 

– Дархан Айтқалиұлы, сіз­ді жә­не бар­лық қазақстандық ше­ка­ра­шы­­ларды 25 жылдық мерей­той­ларыңызбен құт­тықтаймыз. Біз­дің оқыр­ман­да­рымызға шекара қызметі­нің қа­­лыптасу жолдары туралы қыс­қа­ша айтып берсеңіз? 

– Шекара қызметінің құры­луы тә­у­ел­сіздіктің басқа да атрибутта­рын қалып­тас­тыру сияқты күр­де­лі жағ­дай­да өтті. КСРО-дан қал­ған Шы­ғыс шекаралық окру­гін қа­зақ­стандық шекарашыларға бе­­ру белгілі себептермен көп­те­­ген ке­дер­гілерге ұрынды, со­ған қарамай Прези­денттің қол­дау­ымен, қазақстандық әскери қол­басшылардың іскерлігінің ар­қасында шекара қызметі қа­лыптасты. Оның алғаш­қы басшы­сы қазір құрметті демалыс­та жүрген генерал-лейтенант Болат Зә­киев. 1995 жылы шекара әскерлері Шека­раны күзету жөніндегі мемлекеттік комитет, ал 1997 жылдың нау­рызынан бас­тап Қазақстан Қарулы Күштерінің қата­рындағы Мемлекеттік шекара күзетінің күштері болып өзгертілді. Шекара күзе­тінің күштері миграциялық ағынның кү­шеюі­мен мемлекеттің эконо­ми­калық мүд­делерін қорғау мақ­сатында есірткі трафи­гіне, экс­тремизм мен терроризм­ге қар­сы күрестерге маманданды. Қа­зір еліміздің мемлекеттік шекарасы то­лық периметрінде күзетке алынған. Күзе­тілетін шекараның ұзындығы алғашқы 1783 шақырымнан қазір 8,5 есе артып, 15132 шақырымға дейін созылды. Өткі­зу бекеттері мен жолаушылар ағыны онда­ған есеге көбейді. Шекара қызметінің бел­сен­ділігі артып, қызметі ұл­ғай­ғаны еске­ріліп, 1999 жылы Президент өзінің Жарлығымен оны Қарулы Күштер қата­рынан шығарып, Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің қызметі етіп өз­гертті. 

– Соңғы жылдары қандай нә­тиже­лерге қол жеткізілді? Мем­лекеттік ше­ка­ра­ны бұ­зу­­шы­лар бар ма? Қанша кон­­тра­бан­далық тауарлар тәркіленді?

– Үстіміздегі жылдың алғаш­қы жартысында мемлекет­тік шекара тәртібін бұз­ған 12000-ға жуық адам ұсталды. Бұл был­тырғы жылдың сәйкес мер­зімімен салыстырғанда 4,6 пай­ыз­ға төмен. Жал­пы, ұстал­ған­дар азайғанымен өткізу бекет­те­­рінен тыс жерлерде шекара бұ­­зу­шылар саны артып отыр. Ше­ка­ралық режімді бұзу­шылар саны аталмыш кезеңде 2100 адам болды, бұл былтырғыдан 42 пайызға артық. Ал мемлекеттік шекара режімін бұзу­шылар саны 19 пай­ызға артып, 400 адам­ды құ­ра­ды. Өткізу бекеттеріндегі ше­ка­ра тәртібін бұзушылар саны да азаймай отыр, ол былтырғымен салыс­тырғанда 13 пайызға артты. Қазір шекара тәртібін бұзушыларды анықтайтын ин­женерлік құрылғылардың пайдасы зор. Сондай құрылғылар орнатылғаннан кейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын бұзу­шы­лар саны 23,6 пайыз­ға азайды.  Бізді Қазақстанның тер­ри­то­­риялық суларындағы, атап айт­қан­­да, Каспий теңізіндегі шекара тәр­­ті­бін бұзушылардың саны арта түс­кені алаңдатуда. Ондағы ұсталған бұзушы­лардың саны былтырғыдан 50 пайызға артты. Сонымен қатар биылғы жылдың басынан бері есірткі заттарын анықтауда үл­кен нәтижелерге қол жеткізгенімізді атап айт­қым келеді. Нақты айтсақ, биыл есірт­кі тасымалының 123 фактісі анық­талып, 63 келі көкнәр, 22 келі марихуана және 1,4 келі апиын шикізаты тәркіленді.  Әкім­шілік жазаға тартылған адамдар саны – 11600, мемлекеттік бюджеттің есебіне 14 миллион теңгеден астам айып­пұл төленді. 

– Шекара күзетінің қыра­ғы­лығын жетіл­діре түсу бағы­тын­да қандай жұ­мыс­тар істе­луде? 

– Шекара әскерлерінің дай­ын­дығы бұл жұ­мыстың нәти­же­лілігінің ең бас­ты шарты  деп айтуға болады. Бүгінгі таң­да біз оңтүстік және оңтүстік-батыс стра­тегиялық бағыттарының жұмысын жетіл­діру, осы бағыт әскерлерінің дайындығын шың­дай түсу тұрғысында кешенді шаралар жүргізудеміз. Соңғы кездегі шекара тәрті­бін бұзу оқиғалары заңсыз миграциямен тығыз байланысты болып отыр. Біз ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағына үшінші елдің азаматтары тарапынан заң­сыз миграцияны болдырмас үшін жыл сайын жасалатын «Нелегал» жедел профилактикалық бірлескен шараларына қатысамыз. Сон­дай-ақ, ТМД аума­ғына Ауған­стан жерінен террорлық топ­тар, қару-жарақ, есірткі заттарының өтуі мен заңсыз миграцияға жол бермеу үшін бірлескен шекаралық арнаулы операцияларға қатысып отырамыз. Мәсе­лен, нақ осы күндері ше­карашыла­рымыз «Көкнәр-2017» профилактикалық ша­ра­ларына қатысуда. 

Шекара құрылымдарының кәсіби дең­гейінің артуына қатты көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен үсті­міздегі жылы олар­дың әс­ке­ри дайындығын арттыру ша­ра­лары белгіленген. Соның ішін­де биыл ше­карашыларымыз ко­ман­далық-штаб­тық 4 әскери ойын­ға, сондай-ақ, штаб­тық жә­не Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бө­лімдерімен бірлес­кен жат­ты­ғу­ларға қатысты. Мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады, ше­­ка­ра­шылардың кәсіби дайын­ды­ғын үнемі жетілдіріп отыруды алдымызға басты міндет етіп қойғанбыз. Барлық құ­ры­­лым­дарымыз бойынша айт­қанда биыл 4600 шекарашы қатыстырылған 240 дайындық шаралары өткізілді. 320 шекарашы білім мен кәсіби шеберлікті жетілдіру курстарынан өтті.    
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда мем­лекеттік шекараның бар­лық периметрі бо­йынша опе­ративтік жағдай күрделене түсуде. Соған орай шекара күзетінің әс­ке­ри қызметтік дай­ын­дығы да үнемі арт­тырылу үстінде. Жаңа қатерлердің ал­дын алу мақсатымен осы бағыт­та­ғы құ­қықтық құжаттар да жетілдіріліп, шекара қызметінің жетілдіріле түсуіне заң­намалық негіз қаланды.  Соның арқасында қосымша штаттық бірліктер ен­гі­зіліп, кадрлармен қамтамасыз ету­дің бірінші кезек­тегі  проблема­лары шешілді. Атап айт­қанда, Қытай Халық Рес­публикасымен арадағы шека­раның өткізу бекеттері қай­та құрылды. Оңтүстік және оң­түс­тік-батыс бағытындағы зас­тавалардағы жауынгерлер са­ны талап етілетін деңгейге жет­кізілді. Сондай-ақ, әскери резе­рв­тер деп аталатын қосымша бө­лімшелер құ­рылды. Өткізу бекеттері де қосымша күштермен толықты. Әскери тәртіпті күшей­ту шаралары да үнемі назарда бо­лып, соның арқасында жауын­герлер арасындағы құқық бұзу­шы­лықтар мен түрлі жарақат алу­лар азайды. Әскерді қару-жа­рақпен,  техникалармен және із­шіл иттермен қамтамасыз ету арттырылып, материалдық қам­та­масыз етудің басқа да өзекті мәсе­лелері шешілді. Сондай-ақ, тех­никалық бақылау бекеттеріне ста­ционарлық радиолокациялық стан­салар қайтадан орнатылды. Олар бұрынғы ескі емес, бәрі де жаңартылған техника­лар. Көптеген заставаларға ар­найы РЛС құрылғысы, дабыл кешендері мен бақы­лау құ­ралдары бар кешендер орнатыл­ды.  

– Шетелдік шекара қыз­мет­терімен ын­тымақ­тас­тық мә­селелері қалай ше­ші­луде? 

– Шекара қызметі алдымен Қазақстан Республикасының, сосын ынтымақтастық келі­сім­деріне сәйкес ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ұжым­дық қауіп­сіз­ді­гін қа­мтамасыз ету­ге қызмет етеді ғой. Мі­не, би­ыл мемлекет басшыларының ше­ші­­мімен құрылған ТМД елдері Ше­кара қыз­меті басшылары кеңе­сіне 25 жыл толды. Осы жыл­дар ішінде ынтымақтастық шарт­тары мүлтіксіз орындалып, ше­кара­ларды бірлесе қорғау ша­ралары жоспар бойынша жүр­гізіліп келеді. Шекара әске­р­лері коман­дашыларының кеңесі өзара тәжі­рибе алмасып, ортақ тәуекелдерді бағалау мен оларға қарсы әрекеттерді жоспарлау іс­те­рін жүргізуге тиімді алаң болып отыр.  Өзара мүдделерімізді тоғыстыратын те­тік­тер­ді әзірлеу ісі де осы ұйымның көме­гі­мен жү­зеге асырылады. 

Жоғарыда аталған халық­ара­­лық ұйым­дар шеңберін­дегі ын­­тымақтастық шекара қыз­мет­терінің сыртқы қатерлерге қар­сы күш­терін біріктіруге, сон­дай-ақ, шекараларды күзету бо­й­ын­ша халықаралық келі­сім­дерді қабылдауға, өзара жедел ақпа­раттармен алмасуға мүм­кін­дік беріп отыр. Сондай-ақ, әс­кери-техникалық сая­сат пен ше­караға байланыс­ты көптеген мә­селелерді реттеу үшін ұйым­ның әрбір мүше мемлекеттерінде әріп­­­тес­тердің шекара ведом­ство­ларының өкіл­діктерін ашуға жағдай туғызылған. Осы ұйым­дарға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары заңсыз миграцияға, есірткі трафигіне, тауар контрабандасына және т.б. қарсы шекаралық бірлескен операцияларды көптен бері жүргізіп келеді. 

– Шекара күзеті қызметі елі­­міз­де өтіп жатқан ЭКС­ПО-2017 халық­аралық көр­месіне қаншалықты үлес қосуда?  

– ЭКСПО-2017 еліміз үшін аса ма­ңызды халықаралық оқиға  және біз­дің ұлттық аса мәнді жобамыз ғой. Оның тамаша өтуіне шекара қызметі де өзінің үлесін қосуда, атап айтқанда, ас­та­налық әуежайда мемлекеттік шекараны қорғау жұмысына үлкен мән беріліп отыр. Қазақстанға көрмеге келген шетелдік азамат­тарға шекаралық бақылау жұ­мыс­тарын жүргізушілердің ба­ры­нша тиянақты және мұқият бо­лу шаралары жасалған. Соның ішінде «Астана әуежайындағы қау­іпсіздік пен комфорт» атты ке­шенді жобаны іс­ке асыру үшін «Астана» шекаралық ба­қы­лау қызметкерлері мен лауазымды тұлғалар арасында үлкен дайындық жұ­мыс­тары жүргізілді. Қызметкерлердің ха­лық­аралық қатынас тілдерінде жауаптаса алуына дайындық және психологиялық тре­нингтер Астана қаласы әкімдігімен бір­лесіп жасалды. Шекараларда болуы мүмкін трансұлттық қыл­мыстарға қарсы күрес бойын­ша әскерилер арнайы семинарлардан өтті. Шекаралық ба­­қылау құрамына енген қыз­мет­керлермен жиындар өткі­зіліп, онда кәсіби біліктілігі барын­ша жетілдірілген, өз ісі­нің шеберлері бола білген қыз­мет­керлер таң­далды.

– Бүгінгі таңдағы шека­ра­шы­лардың мате­риалдық тұр­ғыдан қамта­масыз еті­луі қан­дай? Шекара заставаларын­да қыз­­­меткерлерге жағдай жа­сал­­­ған ба? 

– Шекараның материалдық тұрғыдан қам­тамасыз етілуіне ведомство басшылары ғана емес, Мем­лекет басшысының өзі үлкен қам­қорлық жасап отыр. Ел­басы­ Нұр­сұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен орта мерзімді мем­лекеттік бағдарлама қабыл­да­нып, ол шекара күзеті қызме­тінің бар­лық аспектілерін қам­тыды. Қазір іске асырылып жат­қан осы бағдарлама шекара күзету қызметін барынша жетілдірілген осы күнгі жүйемен және қару-жарақпен қамтамасыз етуді, авиа және теңіз техникаларымен жарақтандыруды, шекара заставалары мен отрядтарының, сон­дай-ақ, шекаралық мекен­дердің инфра­құрылымын дамытуды қарастырған. Осы бағ­дарламаның арқасында 2013-2015 жылдары ғана 15 шека­ра­лық зас­тава жаңадан ашылды, сондай-ақ, тұрғын үй қорын жаңалау жұ­мыстары, казармалар мен күзет орындарын күрделі жөн­­деуден өткізу және оларды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Үс­ті­міздегі жыл­­­дың екінші жарты­сында Қордай шека­ралық отря­дының әскери қалашығы іске қо­сы­латын болады. Соңғы 2-3 жылда ше­кара қызметінің теңіз және авиа­ция паркіне осы заманғы 4 кеме, 6 тікұшақ жә­не 1 ұшақ қо­сылды. Қызметкерлердің әлеу­меттік жағ­дайының жақсаруы да артып­ келеді. Соның бір мысалына Елбасының әске­ри қыз­меткерлердің жалақысын өсіру ту­ралы шешімін айтуға болады.    

Бүгінгі таңда «Оңтүстік», «Шы­­ғыс», «Ба­тыс» және «Жа­ға­­лық бақылау» аймақ­тық бас­қар­­­­маларының аумақтары инже­нерлік жарақтармен толық қам­­та­масыз етілген. Барлығы да дуа­л­дармен қоршалып, ста­­ци­о­­нар­­лық стансаларға арнал­ған ба­­қылау­шы темір мұнара­лар­мен және мачталармен  қам­сыз­­дан­дырылды. «Оңтүстік» ай­мақ­тық басқармасының учас­ке­сінде геоақпараттық жүйе жа­салып, іске асырыла бастады. Ол жылжымалы нысандар тура­лы ақпараттар алып, оның қадам­да­рын бақылау үшін электронды карталарға түсіре алады.  Ас­тана халықаралық әуежайының жаңа терминалындағы өткізу орнына адамдарды танитын жүйе орнатылды.  Ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтарды өткізу орнынан бөгетсіз жіберуге мүм­кіндік беріп отыр. 

 – Мерейтойды атап өтуге бай­ланыс­ты қандай шаралар қол­ға алынбақ? 

– Шекарашылар күні мере­ке­сінде «Шекара қызметінің 25 жыл­дығына – жоға­ры деңгейдегі әскери дайындық пен кәсіби шеберлік» айдарымен әске­ри жа­рыстар өтеді. Қалыптасқан дәс­­түр бойынша мамыр айын­да Шекара қыз­метінің 25 жыл­дығына арналған эстафета басталған. Оның символы Қарасай шека­ралық отрядына табыс етілді, одан әрі ол Алматы, Өскемен, Павлодар, Пет­ро­павл, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Аты­рау, Ақтау, Қызылорда, Сарыағаш, Шымкент, Леңгір, Тараз қалаларын басып өтіп, Шека­рашылар күні – 18 тамызда Астана қаласында, аяқталады. Үш айда ол 15 мың шақырым жол жүреді деп күті­луде. Бұл Қазақстан шекарасының жал­пы ұзындығына тең қашық­тық. Эстафета шекарашы жауын­гер­лердің мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау дәстүрлерін, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, аға ұрпақты сыйлау, ТМД елдерімен достықты наси­хат­тау мақсатымен жүргізіліп отыр. Жалпы, мерекелік шара­лар әртүрлі, бірақ біз бұл кез­де де шекара күзетіндегі қы­рағы­лық­ты кемітпейміз, сол күндерде кезекші болатын шекара­шылар өз міндеттерін мүл­тік­сіз атқа­ра­тынына сенімдіміз.

– Әңгімеңізге рахмет. 

Әңгімелескен

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Кеше

Ене мен келін

Қоғам • Кеше

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар