Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Ынтымақтастықты дамыту маңызды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады.

Ынтымақтастықты дамыту маңызды

Тараптар Қазақстан мен Өз­бек­стан арасындағы ынтымақтас­тықты дамытудың өзекті мәсе­лелерін, соның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында Өзбек­стан Президенті Шавкат Мир­зиёев­тің Қа­зақ­станға мем­лекеттік са­пары­ның қорытын­ды­лары бо­йын­ша қол жеткізілген екі ел көш­­бас­шыларының уағда­лас­тық­тарын іске асыру барысын талқылады.

С.Ниязходжаев Өзбекстан ел­ші­лігінің Алматыдан Астанаға кө­шуі жөнінде қабылданған ше­шім және дипломатиялық өкіл­дік ғимараты кешенінің құры­лы­сы басталғаны туралы хабарлады. 

Кездесуде сондай-ақ алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты бай­ла­ныстардың және Орталық Азия­дағы халықаралық іс-ша­ра­лардың кестесі қарастырылды.