17 Тамыз, 2017

Жұртшылықпен жүздесті

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Рашит Әкімов жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысында болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Ол Бұланды ауданындағы Макин құс фабрикасының құры­лысымен танысып, «Ма­кинск элеваторы» ЖШС-інде болып, қуаты жылына 34 мың тоннаны құрайтын базальт минерал тақ­талар шығаратын зауытын («По­литерм» ЖШС) аралады. Депутат маңызды инвестициялық жобаларды нәтижелі жүзеге асыру ауданның алдағы уақытта эко­но­микалық дамуына жақсы серпін береді деп санайды. 

Р.Әкімов әлеуметтік сала­ның ахуалымен де танысты. «Арай­лым» балалар бақшасында, ау­дандық емханада болып, еңбек ұжымымен дәрігерлік қыз­мет көрсетулерді дамыту және аза­маттарды медициналық сақтан­дыру институтының енгізілуі мәселелерін талқылады. 
Ақкөл ауданының басшы­лы­ғымен кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық сала­ға қатысты мәселелер талқыланды. Сенатор Парла­мент­тің жоғарғы Палатасы жұмы­сының нәтижелері туралы жан-жақты хабардар етті. 

Рашит Әкімов аудандық мәслихат хатшысымен және депутаттармен кездесу барысында қазіргі кезде Парламент палатасының қарауында 80-нен астам заң жобасы бар екенін атап өтті. Олардың қатарында еліміздің орман қорын қорғауға бағытталған құжаттар да бар. Өзекті мәселелердің қатарында өртке қарсы және ағаштардың заңсыз кесілуіне қарсы шаралар ғана емес, орман аймақтарында мал жаю, орманды өз мақсатында пайдаланбау, орман қорына жататын жерлердің қатарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер де бар. Соған байланысты орманды сақтау ғана емес, оның аумағын кеңейту мақсатында орманды қорғауды заңмен реттеу жұмыстарын жүзеге асыруға тура келеді. 

Сенатор Астрахан ауда­ны, Қызылжар ауылындағы жөндеуден өткен клубта, «Ырыс­ты-Астық» астық жинау ме­кемесінде, «Федоренко ИК» және «Фермер-2002» серіктес­тік­терінде болды.