Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Жаңа су желісі салынады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Целиноград ауданы Приречное кентінде қуаты тәулігіне 165,2 текше метр су жеткізе алатын жаңа қондырғы салынады.

Жаңа су желісі салынады

Целиноград ауданы әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуге бюджеттен тапсырыс беру үшін инвестициялық ұсыныстар пысықталуда. 2005 жылы аталған елді мекенде тәулігіне 30 текше метр суды тазарта алатын модуль орнатылған болатын. Аталған желіге мектеп қана қосылып, тұрғындар суды құдықтан тартып ішіп келді. Сондықтан, судың сапасын жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары қолға алынып, қазір екі ауысымда жұмыс жүргізілуде. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы