Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Астанада алғаш рет бірегей халықаралық «Мамандықтар қалашығы» жобасы өтеді

488 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алғашқы рет Астанада «Мамандықтар қаласы» бірегей балалар халықаралық жобасы өтеді

Астанада алғаш рет бірегей халықаралық «Мамандықтар қалашығы» жобасы өтеді

Елордалық балалар алғаш рет құтқарушы, өрт сөндіруші, құрылысшы, банк қызметкері, мұғалім сынды өзге де түрлі мамандықта (100 мамындық бойынша) рөлге еніп, өздерін сынап, көре алады.

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында «Мамандықтар қаласы» бірегей балалар халықаралық жобасының авторы Татьяна Люлька айтып берді.

19 тамызда сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін «Арай» саябағында алғаш рет балалардың қай мамандыққа иекемі бар екенін анықтауға бағытталған «Мамандықтар қаласы» бірегей балалар халықаралық жобасы өтеді.

Жобаға 2-18 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жастар қатыса алады. Қатысу тегін.

Жобаны Астанада өткізу идеясына қолдау білдірді.

- Әр бала өзін түрлі мамандықта сынап көру керек. Биыл қалада 100-ге жуық мамандық тәжірибе үшін ұсынылады. Жобаға мемлекеттік ұйымдардан бастап бизнес өкілдеріне дейін қатысады. Мемлекеттік ұйымдардың қатарында – ТЖД, ІІД және қала басқармасы, сәулет, денсаулық сақтау, білім және басқа да басқармалар бар,- деді Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Жобада қарастырылғандай, саябақта бір күнге интерактивті қалашық орналастырылады. Саябаққа кіруде әр бүлдіршін еңбек кітапшасы болып табылатын құжатқа ие болады, әрі қарай «жұмысқа орналасу» сюжет көрсетіледі. Бір күн ішінде елордалық балғындар ересектердің кейпіне еніп, мамандыққа бейімделіп, ақшаны «өздігінен» табуды үйренеді. Кішкентай «қызметкерлер» түрлі сувенирлер мен тәттілер дүкенінде өзінің қалағанын сатып ала алатын қаржы - «жалақы» алады. Ол дүкен «Мамандықтар қаласы» аумағында орналасқан. 

Бұл жоба балалардың иекемін, машығын түсінуге, қабілеттерін анықтауға арналған жоба. Ке кездері ата-аналар өздерінің балаларының қабілетін бағаламай жатады, тіпті білмей де жатады. Еркіндік бермейді. Бұл жоба өз алдына балалардың қабілетін анықтауда таптырмас мүмкіндік, - деді жоба авторы.

- Астана әкімдігі жобаға қолдау білдіруге тез әрекет етті, жауап берді. Біз әкімдікке өзіміздің ұсынысымыз жайлы хат жібердік, 5 күн ішінде жауап берді, Украинда жүрген едім, сіздің жобаңызға қолдау білдіреміз, қашан келе аласыз деп сұрады. Бұл жобаны Астана қаласында 1 айдың ішінде ұйымдастырдық. Астанада бақытты балалардың қатары артқанын қалаймын, әр бала өзінің қалаған ісімен айналысқанын қалаймын, - деді жоба авторы Татьяна Люлька.

Жобаның бас серіктесі - «BIGroup» компаниясы. Компания өз алдына қажетті құрал-жабдықтарды, мамандандырылған техниканы ұсынады.

Қалалық әкімдіктің статистикалық мәліметі бойынша, Астанада шамамен 200 000 бала тіркелген, ұйымдастырушылар солардың 1 пайызын болсын қамтуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2016 жылы аталмыш жоба Украинаның 25 қаласында өткізілді, оған 300 мыңнан астам бала қатысты.