Жекпе-жек • 17 Тамыз, 2017

Оралда әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті (1963-2000) еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Оралда әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтті

Қазақстандық палуандардың әлемдік додаларға дайындығын арттыру мен шеберліктерін ұштау мақсатында 23 жасқа дейінгілер арасында самбодан және ерлерден әскери самбодан осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 120-ға жуық спортшы қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Турнир қорытындысында салмақ дәрежелеріне қарай Ерасыл Бақыт (48 кг), Армат Қабдолов (52 кг, екеуі де БҚО-дан), Базарбай Жасұлан (57 кг), Жеңіс Қалабай (62 кг, екеуі де Ақтөбеден), Серікбай Неғмет (68 кг, БҚО), Төлеген Нұрғалиев (74 кг, ШҚО), Дәурен Болатбекұлы (82 кг, Атырау), Еламан Қойшыбеков (90 кг, Ақтөбе), Олжас Сүлейменов (100 кг), Темірлан Көлбай (+100 кг, екеуі де БҚО-дан)  чемпион атанды. Сондай-ақ әскери самбодан Ержан Есенғалиев (62 кг) пен Мейрамбек Бисенғалиев (74 кг, екеуі де БҚО-дан) үздік шықты.

Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлері диплом, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Оған қоса 48 кг салмақта жеңімпаз атанған Ерасыл Бақыт ат мінді. Кезінде Асқар Шайхиев осы салмақта күрескен болатын.