Отырыс басталғанға дейін комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару жөніндегі жобалық кеңсенің және оның жанында жұмыс істейтін Коммуникациялық орталықтың қызметімен танысты. Жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша күллі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру бойынша жұмыс істейді. Кеңсе тарапынан министрліктер мен әкімдіктер ұсынған 1170 жоба пысықталып, қазіргі уақытта жүзеге асырыла бастады. Жалпы, комиссия мүшелері отырыс басталғанға дейін жобалық кеңсенің барлық жобаларымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Айгүл СЕЙІЛ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ