Қазақстан • 17 Тамыз, 2017

Анатолий Башмаков: Жаңғырудың өзектілігін түсінуді өзімізден бастауымыз керек

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Анатолий Башмаков Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері сананы жаңғырту мәселелерінің қаншалықты маңызды, өзекті екенін алдымен өздері түсінуі тиістігін айтады.

Анатолий Башмаков: Жаңғырудың өзектілігін түсінуді өзімізден бастауымыз керек

Ол бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияың үшінші отырысы барысында айтты.

– Ұлттық комиссияның кезекті отырысында келелі мәселелер айтылды. Бұл өте күрделі, өзекті жұмыс. Қоғамдық сананы жаңғыртуға дейін еліміз жаңғырудың бірнеше сатысынан өтті. Барлығы да маңызды. Алайда, біз кез-келген реформа мен жаңғыруды жеке ой-сананың дайындығынсыз бастай алмаймыз. Мен А.Эйнштейннің «Адамзаттың дүниетанымын өзгертуден атомды талқандау жеңіл» деген сөзін жиі есіме аламын. Сондықтан, осы ауқымды жұмысқа қатысы бар Ұлттық комиссия мүшелері біздің санамызды жаңғыртудың немесе қайтадан құру мәселелерімен айналысудың қаншалықты маңызды екенін сезінуі тиіс. «Туған жер» жобасы шеңберінде Ұлттық комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының комиссиясына қоғамдық санаға ықпал ете алатын, аудиторияға өз ойын жеткізе алатын тұлғаларды шақыру туралы ұсыныс енгіздім. Өйткені, «сөз – біздің ой-санамыздың киімі» деген ұғым бар. Біз аудиторияға қандай киіммен келеміз, қандай сөз айтамыз? Яғни, Президенттің қазақстандықтардың ой-санасын жаңғырту туралы идеясы өте өзекті, деді А.Башмаков.

Ол сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік туралы айта келіп, өңірлерде жергілікті активпен кезесулер өткізгенін, рухани жаңғыру тұрғысында ел ішінде қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бұл бағдарламаның ұзақмерзімді сипаты бар екенін ерекше атап өтті.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Орынбай БАЛМҰРАТ

«Егемен Қазақстан»