«Біз мазмұнды келіссөздер өткізіп, Саяси декларацияға қол қойдық. Ал енді осы құжатта екіжақты күн тәртібіндегі ең маңызды аспектілер, сонымен қатар бұдан бұрын жоспарланған визалық талаптардан босату жөніндегі келісімге қол қою көрсетілген. Сондай-ақ, әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланып, Боливияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы сөз болды. Сол сияқты тараптар арасындағы сауда көлемін арттыру мен оның құрылымдық әртараптандырылуына, экономикалық бағыт пен энергетика салаларындағы іс-қимылды дамытуға уағдаластық», – деді Қ.Әбдірахманов.
Өз кезегінде сөз алған Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Қазақстанға жасаған бұл сапары өте сәтті өткенін тілге тиек етті.
«Қазақстан мен Боливия арасындағы қашықтық достық пейіліміз бен сенімді серіктестігіміздің нығаюына ешқандай да кері әсерін тигізбейді деп санаймын. Байқасақ, біздің арамызда екі ел қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілуіне сеп боларлықтай ұқсастықтар өте көп екен. Тіпті халықтар арасындағы тұрмыс-салт пен болмыс-бітіміндегі нәзік иірімдерінен бөлек, Қазақстан мен Боливияның сыртқы саясаттағы мақсат-мүдделері де өзара үндесіп жатқаны сөзсіз», деді Ф.Уанакуни.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманидің кездесуі өтті.
Көкшетаудағы дүңгіршекте тышқандар самса жеп жүр
Аймақтар • Кеше
Қажымұқан туралы фильмнің көрсетілімі басталады
Өнер • Кеше
Жамбыл облысында сотталған әйел заңды некеге тұрды
Қоғам • Кеше