Медицина • 18 Тамыз, 2017

Ауыл әкімдері сайланды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комис­сия­сының мәліметтеріне қарағанда Қа­зақ­стан Республикасының тоғыз аймағындағы аудандық маңы­зы бар қалаларда, ауылдық округтерде, ауылдық округтің құра­мына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы өтті.

Аумақтық сайлау комис­сия­ларының хабарлауынша, Ақмола облысы бойынша 136, Ақтөбе облысында – 77, Алматы облысында – 129, Шығыс Қазақстан облысында – 131, Батыс Қазақстан облысында – 95, Қарағанды облысында – 129, Қызылорда облысында – 72, Маңғыстау облысында – 26, Солтүстік Қазақстан облысында 138 ауылдық округ әкімдері сайланды.
 Ауыл әкімдерін сайлау кезіндегі дауыс беру, дауыстарды санау және қорытынды шығару рәсімдері сайлау туралы заң­на­маға сәйкес өтуде. 
Сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттары – таңдаушылардың отырысында өткізіледі. 24 тамызға дейін жалғасатын сайлау нәтижесінде республика бойынша барлығы 1 413 әкім сайланатын болады.

«Егемен-ақпарат»