Медицина • 18 Тамыз, 2017

Мәжіліс депутаты Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­нан сайланған Мәжіліс депутаты На­­талья Жұмаділдаева Қызылорда қа­ласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Облысқа жұмыс сапарымен келген депутат қала мектептерінің мұғалімдерімен және БАҚ өкілдерімен кездесіп, Елба­сы­мыз­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласына қатысты түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Мақалада көрсетілген аспек­тілер – бәсекелік қабілет, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашық­тығы мәселелерін кеңінен айтып өтті. Бағ­дар­ламалық мақаланың облыста іске асу тетік­теріне тоқталып, Қазалы және Қар­мақ­шы аудандарында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. 

Сонымен бірге, Наталья Жұмаділдаева өзінің депутаттық қызметі туралы баяндады. Екінші сессияда атқарған жұмыстары мен қазіргі қаралып жатқан заң жобалары жайлы мағлұмат беріп, облыс тұрғындарынан заң жобаларына өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдауды сұрады. Қабылданған немесе қазіргі қарауда жатқан заң жобаларының халық арасында пайдаланылудағы жағдайын зер­делеп, қажет болған жағдайда, ұсы­ныс беріп, жерлестерінің өтініштерін жеткі­зетінін мәлімдеді. 

Кездесуге қатысушылардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құт­тықтады.


«Егемен-ақпарат»