Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.

Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өткен еді.
Жоғарыда Мемлекет басшысы айтып отырған ұлттық код мәселесіне тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі – дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генезисінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы.
Қазіргі жаһандану кезеңінде жойылып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн.
Біз бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда қазақтығымызды сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпей, қалай аман қалмақпыз? Ол үшін ұлттық кодты жаңғыртып, «бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» керек. Ал ұлттық жады дегеніміз не? Ол сол халықтың бойына біткен аңғарымпаздығы мен сұңғылалық қасиеті. Мысалы, ауыз әдебиетімізде бағзыдан келе жатқан «Аяз би» атты ертегі бар. Онда Мадан деген хан қырық уәзіріне «Ең жаман адамды табыңдар!» деп тапсырма береді. Уәзірлердің тауып келгені «жаман адам» болмай шығады. Ол аңғарымпаздық, сұңғылалық қасиетке ие әрі ұлттық жадысын сақтаған жан екен.
Тағы бір мысал, күллі қазаққа аты мәлім Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде құмға көміліп, қуарып жатқан жылқының бас сүйегін көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жарқабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоянтірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін, жасы тоғыздан асып, онға қараған шағында өлген екен, жануар. Өлгеніне үш жыл болыпты», депті.
Мінеки, ұлттық жадысы бүлінбеген бұрынғы ата-бабаларымыз қу сүйекке қарап-ақ оның қандай жануар болғанын айтып берген. Жоғарыдағы қубас арқылы тұлпарды жазбай таныған Толыбай да, ханның іс-әркетінен оның тек-тұқымын біле қойған Жаман да осы «ұлттық код – ұлттық жады» ілімін игергендер.
Қазіргі қазақ осы қабілетінен айырылып қалды. Тіпті көз алдында көрініп тұрған дос пен дұшпанды ажыратпайды. Төніп келген дүниенің пайдасы мен зиянын аңғармайды. Қазір еліміз бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істердің көбі – алаяқтық. Екі қазақтың бірі «пәтер алып берем», «банктен жеңілдетілген несие әперем...» т.б. алаяқтар уәдесіне алданғандар. Яғни, халықтың бойында өзін-өзі сақтандыратын, терең сұңғылалық қабілеті жойылған.
Мұндай күйге өзінің байырғы табиғи тек-танымнан айырылған халық ұшырағыш болады дейді, ғалымдар. Кезінде француз отары болған Марокко елінің тарихшысы Абдулла Лаури өзінің 1967 жылы ағылшын тілінде жарық көрген еңбегінде «Отарлаушылар біздің ішкі жан-дүниемізді тонап, жаратылыс сыйлаған табиғи таным-қабілетімізден ажыратты. Өзімізді қанша тәуелсізбіз десек те, бәрібір қараңғылық құрсауынан құтыла алар емеспіз» деуі қазіргі біздің де душар болып отырған күйдің бір көрінісі іспеттес. Мемлекет басшысы мақаласында «ұлттық код – ұлттық жадыны жаңғырту арқылы рухани құлдықтан құтылыңдар» деп тұрған жоқ па?!
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Елімізде «жамау» мектеп әлі бар
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Жырдың жезкиігі Ақын Кәкімбек Салықов жайлы толғау
Әдебиет • Кеше
Ескі жүйеден есті жүйеге көшу маңызды
Сұхбат • Кеше
Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Патриотизм – елін білімімен, еңбегімен көркейту
Қазақстан • Кеше
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Туризм • Кеше
Спорт • Кеше
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Кино • Кеше
Кәсіпорындар кодекс талабын орындай ала ма?
Экология • Кеше
Кино • Кеше
Өнер • Кеше
Абай облысында студенттер есірткімен ұсталды
Оқиға • Кеше
ШҚО-да барлық мектеп бес күндік оқу аптасына көшеді
Аймақтар • Кеше
Жеті өңірде 2 градус үсік жүреді
Ауа райы • Кеше
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Кеше
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Кеше
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Кеше
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Кеше
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Кеше
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар