Қазақстан • 25 Тамыз, 2017

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Эрик Солхеймді қабылдады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры Эрик Солхеймді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Эрик Солхеймді қабылдады

Парламент жоғарғы пала­та­сының басшысы Қа­зақстанның БҰҰ-мен ын­­тымақтастығының жоға­ры деңгейін атап өтіп, БҰҰ Қоршаған орта жө­ніндегі бағ­дар­ла­масының Ас­та­надағы ЭКСПО-2017 көр­месіне белсенді қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

«Қазақстан БҰҰ-ның мақсат­тары мен мін­дет­терінен еш айны­майды, қа­зіргі замандағы маңыз­ды мәселелерді шешудегі Ұйым­­ның басты рөлін нығай­туды жақ­тайды. Қазақ­стан тұрақты емес мүше болып сайланған БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңе­сі бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті сақтаудың ең не­гізгі тетігі болып табылады», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Жүздесушілер БҰҰ ая­сында экологиялық қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету­дегі ортақ күш-жігер­ді үй­лестіру жолдарына қа­тысты пікір алмасты. Климат өз­герістерімен тиімді күрес үшін Париж келісімінің негізгі ере­же­лерін орын-
­даудың маңыздылығы атап өтілді. Сенат Төр­ағасы бұл құжатты уақы­тында рати­фика­ция­лаған Қазақстанның оның ере­желерін іске асыруға қаты­суға әзір екенін айтты.

Кездесу барысында Ас­та­на халықаралық қаржы орталы­ғы­ның, «Жасыл» технология­лар­ды да­мыту жөніндегі халық­­аралық орталықтың және «Бо­ла­­шақтың энергиясы» ин­вести­циялық жобалар аясында БҰҰ-мен ынты­мақ­тастықтың келе­шегі талқы­ланды. Э.Солхейм Қазақ­­станның «жасыл» эко­но­микаға көшу үрдісін қызу қолдауға ниет білдірді және қоршаған ортаны қор­­ғау мәселелері бойынша ай­мақтық ынтымақ­тастықты нығайту жайын қозғады.

Қ.Тоқаев ЮНЕП Хат­шы­лы­ғы­ның Алматыда Субаймақтық бюросын ашу туралы шешімі үшін алғыс білдірді. Ол бұл қа­ланы көптарапты дипломатия үшін аймақтық торапқа ай­нал­дыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20