Аймақтар • 25 Тамыз, 2017

Астанада тағы бір қайымдылық дүңгіршегі ашылды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қамқорлық» қайырымдылық бутигі елорда кәсіпкерлері мен тұрғындары тарапынан кең қолдауға ие болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада тағы бір қайымдылық дүңгіршегі ашылды

Бұған дейін Астана әкімдігінің сайтында елордада бағасыз киім-кешек бутигі жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатын. Арада апта өтпестен қалада тағы бір қайырымдылық дүңгіршегі ашылды.

«Біздің әлеуметтік акцияны астаналық кәсіпкерлер қолдап жатыр. Бұл өте қуанышты жағдай. Сарыарқа көшесі, 41 үй мекен-жайында орналасқан «Махаббат» тұрғын үй кешенінде тағы бір «Қамқорлық» дүңгіршегі ашылды», - деді «Қамқорлық» әлеуметтік акциясының негізін қалаған кәсіпкер Ерекболат Қабылдин.

Оның айтуынша, күн сайын қайырымдылық дүңгіршегіне орта есеппен 10-15 адам келіп киім-кешек пен тұрмыстық заттарды тапсырады. Мұқтаж адамдар бұл дүңгіршектен керегін тауып отыр.

«Жалпы, бұл жетістікке барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында жетіп отырмыз. Өйткені ол халқымызда бұрыннан келе жатқан қайырымдылық пен мейірімділік сынды құнды қасиеттерді дамытып, бір-біріне көмек қолын созуға үндейді», - деді Е.Қабылда.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024