Жеңіл атлетиканың спорт жарыстары ішінде «Спорт падишасы» деген бейресми атағы бар. Ал осы спорт түріндегі 100 метрлік бәйгенің мәртебесі – өзгелерінен әлдеқайда жоғары.

Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарындағы ең қысқа қашықтықта топ жарған дүлдүлдер әлемге тез танылады. Ал егер олар осы 100 метрлік қашықтықты 10 секундқа жеткізбей жүйткіп өтсе, онда спорттың дәл осы түрінде олардан артық жұлдыз болмайды.
Жер шарында 100 метрлік қашықтықты 10 секундқа жеткізбей жүгіріп өткен желаяқтар саны аса көп емес. Қазіргі әлем рекорды – 9,58 (негізі – 9,578) секунд. Оны 2009 жылы 16 тамызда, Берлинде Ямайка дүлдүлі Усейн Болт орнатқан. Жүз метрді бір деммен ағып өтетін жылдамдығына тәнті болғандар оны «Найзағай» (Lightning) деп те атайды.
Адамдарды түр-түсіне қарап бөлгендік емес, бірақ осы 100 метрлік қашықтықта қара нәсілді желаяқтар үстемдік құрып жүр. Осы қашықтықты 10 секундқа жеткізбей жүгіріп өткендердің дені де солар. Бір қызығы, неміс желаяғы Армин Хари 1960 жылғы Олимпия ойындарында әлем рекордын жаңартып, тұңғыш рет 100 метрді тұп-тура 10 секундта (10,0) жүгіріп өткен...
Содан кейін қайтадан қара нәсілділер «үстемдік» құрды. Тек 2011 жылы француз Кристоф Леметр 100 метрді 10 секундқа жеткізбей еңсеріп, «Ақ найзағай» атанды. Оның жеке рекорды – 9,92 секунд.
Ал «Азияның ақ найзағайы» – Қытай желаяғы Су Бинтянь. Ол 2015 жылы 100 метрлік қашықтықты 9,99 секундта жүгіріп өтіп, Азия және Қытай рекордын жаңартты. Ал «қазақтың найзағайы»...
Сонау 60-жылдары қазақтың қос қыраны, аузымен құс тістеген саңлақтары – марқұм Ғұсман Қосанов пен биыл қыста 80 жасқа толған Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секунд ішінде жүгіріп өткен.
Өздеріңіз білесіздер, Ғұсман Қосанов 1960 жылы Римде өткен ХVІІ Олимпия ойындарының 4х100 эстафетасында КСРО құрамасының намысын қорғап, күміс медаль жеңіп алған. Тұңғыш рет Олимпиададан жүлде алған қазақ та, тіпті қазақстандық спортшы да – осы Ғұсман ағамыз.
Ресми түрде тіркелген көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, 100 метрді 10,2 секундта Ғұсман Қосанов 1962 жылы 22 қыркүйекте, ал Әмин Тұяқов 1965 жылы 17 қазанда жүйткіп өткен. Екеуінің де бұл көрсеткіштері Алматыда тіркелді.
Бірақ, ол кез бен қазіргі уақытты салыстыруға бола ма? Шіркін, Ғұсман аға мен Әмин ағаны қазіргі жағдайда жүгіртіп көрер ме еді?! Қазіргідей спортшының жылдамдығына серпін қосып тұратын аяқ-киімдер мен қазіргі өте қолайлы жүгіру жолақтарын 60-жылдардағы жағдаймен салыстыруға келмейді де ғой.
Әрі, қазір спортшылардың уақыттары бұрынғыдай қол хронометрімен емес, электронды хронометрмен есептеледі. Бүтін саннан кейінгі көрсеткіштері жүздікке дейін дөңгелетіледі (бұрын ондыққа дейін ғана).
Таратып айтар болсақ, жоғарыда Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов 100 метрді 10,2 секунд ішінде жүгіріп өткен дедік қой. Егер қазіргідей электронды секунд өлшеуішпен есептелсе, онда олардың уақыттары екі түрлі болуы мүмкін еді. Мәселен, 10, 16 және 10,17...
Ендеше, қазақтың да баласы 100 метрді 10 секундтың ішінде жүгіріп өте алады. Тек талантты бала кезінен жазбай танып, тәрбиелеу керек. Егер Ғұсман және Әмин ағаларымыз қазір жүгіріп жүрсе, онда Усейн Болтпен де тайталасар ма еді?! Көрсеткіштеріне қарасақ, қазіргі әлем жұлдыздарымен иық қағыстырып жүрулері әбден мүмкін сияқты.
Бұл, әрине екі дәуірді салыстыра отырып, көз алдымызға елестету ғана. Ал нақты айтпағымыз, қазақта да «Найзағайлар» болған, тіпті болады да. Осы спорттың түріне де ерекше көңіл бөліп, қолға алсақ, әлі талай желаяқтар шығары анық.
Айтпақшы, 10 метрлік қашықтықтағы Қазақстан рекорды – 10,08 секунд (1,3 м/с жел бағытымен). Оны 1992 жылы 13 тамызда, Аустрияның Линц қаласында 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы Виталий Савин орнатқан.
Нұрғазы САСАЕВ,
журналист
АСТАНА
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар