Спорттық шараның бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады:
- символ ретінде 2017 метр, ол өз кезегінде EXPO RUN деп аталады;
- жүгіруді жақсы көретіндер үшін -10 шақырым;
- 42 шақырым 195 метрлік марафон қашықтығы.
Марафонның бағыты елорданың уақытша жабылатын негізгі көшелері бойынша өтеді: Қабанбай батыр даңғылы-Ұлы дала көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы-Сығанақ көшесі-Сарыкөл көшесі-А. Байтұрсынов көшесі-Р. Қошқарбаев даңғылы-М.Жұмабаев көшесі-Б. Момышұлы даңғылы-Абылайхан даңғылы-М. Жұмабаев даңғылы-Қошқарбаев көшесі-Тәуелсіздік даңғылы-Сарайшық көшесі-Қонаев көшесі-Достық көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы-Ұлы Дала көшесі-Қабанбай батыр даңғылы-ақтық мәре.
Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.
Сондай-ақ тұрғындарды көлік жүргізушілер арасында осы ақпаратты таратуды сұрайды.
Марафонға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: http://www.scomarathon2017.com