ЭКСПО-2017 • 25 Тамыз, 2017

Ресейлік мейман ЭКСПО-ның 3 миллионыншы келушісі атанды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 3 миллионыншы мейманын күтіп алды. Мәртебелі мейман болу бақыты РФ азаматы, «Шағын және орта экспортшылардың еуразиялық қауымдастығының» атқарушы директоры Юрий Шурыгинге бұйырды, деп хабарлайды

Ресейлік мейман ЭКСПО-ның 3 миллионыншы келушісі атанды

«ЭКСПО-2017» көрмесінің басты операциялық орталығының қызметкерлері көрменің 4 кіру есігін қадағалап отыр. Көпшілік бақылап отырған жаңалықты жарты сағат уақыт күтуге тура келген. Ақыры билеттің соңғы 4 нөмірі арқылы көрме қызметкерлері 3 миллионыншы келушінің кім екенін анықтады. Ол көрменің Орынбор көшесі жағында орналасқан есіктен кірді. 

Әлемдік дәрежедегі халықаралық көрменің 3 миллионыншы келушісі болу бақыты Ресей азаматы Юрий Шурыгинге бұйырған екен. Мейман Мәскеуден «Еуразия аптасы» шарасына арнайы келген. 

«Мұндай сәттілікті күткен жоқпын, әлбетте. Күні кеше ғана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне кіріп, Қазақстанның павильонын аралаған болатынмын. Бірақ ол жолы Ресейдің павильонын тамашалап үлгере алмай кеттім. Осы себепті көрмеге қайта келген бетім. Мен Қазақстанға осымен төртінші рет келіп отырмын. Маған қазақ ұлттық тағамдары өте ұнайды», - дейді  көрменің 3 миллионыншы келушісі.

Жолы болған мейманды ЭКСПО басшысы Ахметжан Есімов құттықтап, көрменің символы мен планшетті сыйға тартты.

Еске сала кетсек, халықаралық көрмеге 2 миллионыншы келуші 4 тамызда келген болатын. Орал қаласының Ғайса Жұмалиев атты кәсіпкері көрменің 2 миллионыншы мейманы атанып, оны «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов құттықтаған еді. Мәртебелі мейманға планшет, құлаққап пен көрмеге лимитсіз билет сыйға тартылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар