«Мажарстан Президентінің №321/2017 (VIII.22) марапат табыс ету туралы жарлығына сәйкес, Мажарстан Премьер-министрінің ұсынуымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ғылыми және мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ танымал түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің құнды еңбегін сақтауға қосқан үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Мажарстанға сіңірген елеулі еңбегі үшін офицерлік крест орденімен марапатталды», - делінген Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің хабарламасында.
Айта кетейік, талған орден Мажарстанның ең жоғары марапаттарының бірі болып саналады.