Қазақстан • 27 Тамыз, 2017

Бүгін Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 тамыз күні Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді, оңтүстікте оған шаңды дауыл қосылады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Қызылорда облысында жел шаңды дауылмен бірге күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде Маңғыстау облысының кей аумақтарында найзағай ойнап, күндіз 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстықтар сақталады. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар