Парламент • 28 Тамыз, 2017

Сенат депутаттары өңірде кездесулер өткізді

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аймақтарға жұмыс бабындағы сапар барысында Сенат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова, сенаторлар Нұрлан Қылышбаев және Төлеубек Мұқашев Алматы облысындағы Ескелді, Талғар, Сарқант аудандарында, сондай-ақ Текелі, Қапшағай және Талдықорған қалаларында болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат депутаттары өңірде кездесулер өткізді

Сенаторлар Ескелді ауданында болған кезде «Хильниченко и К» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің жұмысымен таныс­ты. 500-ден астам қызметкер еңбек ете­тін кә­сіп­орын 4 091 гектар жердегі 13 шаруа қо­жа­лы­ғын біріктіреді. Мұнда егін­шілік, мал ша­руашылығы және өңдеу өнді­рісінің толық жүйесі қалыптасқан. Депутат­тар се­ріктестік ұжымымен кез­десіп, Қазақстан Пре­зидентінің халыққа Жолдауындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер туралы айт­ты және еңбек­кер­лердің сауалдарына жау­ап берді. 

Сенаторлар «Тайжанов» шаруа қожа­лы­ғының еңбек ұжымымен де кездесті. Депутаттар Ескелді ауданындағы Жеті­су ауылындағы орта мектепте ұстаз­дар қауымымен жүздесіп, білім беру жүйе­сіндегі жағдай туралы хабардар етті жә­не білім мекемесінің материалдық база­сымен танысты. 
Сенаторлар Текелі қаласында да болды. Мұнда Орталық Азия университетінің жаңа ғимаратының құрылысымен, студенттік қалашықпен және «Bapy Mining» зауытымен танысты. 

Сенат депутаттары Талдықорған қала­сында Алматы облысының әкімі А.Ба­та­ловпен кездесті, қаладағы бірқатар әлеу­­меттік мекемелердің: Жастар орта­лы­ғының және қалалық көпсалалы ауру­ха­­наның жұмысымен, Қаратал өзенінің жа­ға­­лауында орналасқан балалардың ойын-сауық орталығымен 
танысты. 

Сенаторлар Сарқант ауданында Алмалы ауылындағы дәрігерлік амбула­то­­рияда және Сарқант гуманитарлық кол­лед­жінде болды, жергілікті тұрғын­дар­мен кез­десті. 

Қапшағай қаласында болған кезде сенаторлар «Кнауф Гипс Қапшағай» ме­кемесінің ұжымымен жүздесіп, саябақ пен спорт кешенінде болды. Қалалық әкім­дік ғимаратында мәслихат депутат­тарымен, әкімдік қызметкерлерімен, құ­қық қорғау органдары мен бұқаралық а­қ­парат құралдарының өкілдерімен, шаруа қо­жалықтарының басшыларымен кездесті. 

Жоғарғы Палатаның депутаттары Тал­ғар қаласында «Байсерке Агро» меке­ме­сінің ұжымымен де жүздесті.

Депутаттардың жергілікті тұрғын­дар­мен кездесулері барысында Елбасының «Қазақ­станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауының негізгі ере­желері түсін­ді­ріл­ді, Пре­з­иденттің «Бола­шаққа бағдар: ру­ха­ни жаңғыру» мақа­ла­сының мазмұны тал­қыланды. Кездесуге қатысушылар Пар­ламенттің заң шығару қызметі мен Сенаттың халықаралық салада атқарған істері туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Б.Әйтімова заңдардағы халықты әлеуметтік қамта­ма­сыз ету, міндетті дәрігерлік сақтандыру жүйесі, мемлекеттік білім берудегі жинақ жүйесі, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жаңалықтар туралы айтып берді.