Қазақстан • 28 Тамыз, 2017

Астанада «АРМИ-2017» халықаралық әскери ойындар өтті

209 реткөрсетілді

Астанада «АРМИ-2017» халықаралық әскери ойындардың қорытындысы жа­­рия­ланды. Аталған баспасөз жиынына бірқатар әскери қызметкерлер қа­тыс­ты.   

Естеріңізде болса, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы «АРМИ-2017» халықаралық ойындарында жалпы командалық үшінші орынды еншілеген болатын. Сарбаздардың әзірлігін тексерген сайысқа әлемнің 29 елінен 150 команда қатысты. Далалық, әуе және теңіз машығы секілді додалар қорытындысы бойынша, Ресей Федерациясының командасы бірінші орынды, Қытай елінен келген «жунголар» екінші орынды иеленді. 
Қазақ әскерінің абыройын халық­аралық бәсекеде 350-ден астам жауынгер қорғаған екен. Баспасөз конференциясына келген спикерлер «тоғызыншы аумақтың» қарулы күштері төре­шілер алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болғанын мәлімдеді. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қарулы күштерінің қоржы­нын­да 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Бәсекенің салтанатты жабылу рәсіміне қатысқан Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов халықаралық ойындар достықтың, халықаралық ынтымақтастықтың, бейбіт­шілік пен ниеттестіктің жаңа нышанына айналып, айрықша мазмұны және ғаламат ауқымымен ерекшеленетініне тоқталған. 

Спикерлердің сөзіне сүйенсек, «АРМИ-2017» сайысында қазақстандық танкішілер биатлон жарысында 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесін көрсетіп, күміс жүлдені қанжығасына байлапты. Ал 97616 әскери бөлімінің батарея сержанты, аға сержант Орынбек Сәндібеков «Достастық жауынгері» байқауының бас номинациясы бойынша екі дүркін чемпионы атанды. 

Әскери халықаралық ойындар ал­да­ғы уақытта да жалғасын табады. Спикерлердің айтуынша, Қазақстан айтулы бәсекенің бірнеше кезеңін өткізуге әзір. 

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар