ЭКСПО-2017 • 28 Тамыз, 2017

ЭКСПО балалардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығын арттырды

76 реткөрсетілді

Қазақстан "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің әлемдегі деңгейі ерекше.

Көрменің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» болып табылады, яғни баламалы энергия көздерін дамытуды ұсынады. Энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдері де осы көрме барысында талқыланып жатыр, дейді Семейдегі №3 мектеп директорының тəрбие жөніндегі орынбасары Əлия Бүркітова. Оның айтуынша, ЭКСПО көрмесі басталған алғашқы күндері  "Барика" фирмасы арқылы   38 оқушы барып келсе, тамыз айының соңында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 45 оқушы тағы да сапар шегіпті.  

  -Оқушыларға  Елордамызда өтіп жатқан әлемдік деңгейдегі шара ерекше әсер етіп отыр,-деді Әлия Мейрамғалиқызы,-олар енді химия, физика, биология сияқты жаратылыстану пәндерін қызығушылықпен оқимыз дейді. ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның Астанасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдени ұйымдар өздерінің концерттік бағдарламаларын,  ұлттық күндерін  және өзге де маңызды  іс-шараларын  ұсынды. Бір сөзбен айтқанда балалар әрі рухани әрі мәдени тәлім-тәрбие алды.

Раушан Нұғманбекова

Семей              

Cуреттер автордыкі

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар